
Шарбақты ауданында «Қауіпсіз өнімдер» акциясы жалғасуда. Тұтынушы еркін таңдау әдісімен нитраттардың құрамына экспресс-әдіспен жемістер мен көкөністердің мониторингі жүзеге асырылады. 2020 жылдың 24-27 тамыз аралығында «көкөністер, жемістерге» 14 сынамасы зерттелді, сәйкес еместігі анықталмады.
Аудан тұрғындары мен қонақтарына сатып алынатын өнімге назар аударуды, сондай-ақ тамақтан уланудың алдын алу мақсатында көп мөлшерде тұтынбауды ұсынамыз.
Шарбақты аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Гурин Д.А.