
Тамақтан уланудың алдын алу мақсатында қарапайым сақтық шараларын сақтауға кеңес береміз:
гигиена ережелерін сақтаңыз, әсіресе ас үй мен қолдың тазалығын қадағалаңыз;
күмәнді сапада немесе бүлінудің айқын белгілерімен (иісі, түсі, дәмі) шикізат пен дайын тағамдарды пайдаланбаңыз;
бөлме температурасында кондитерлік өнімдерді сақтамаңыз, оларды тоңазытқышта сақтау керек;
көкөністер мен жемістерді мұқият жуу керек;
кесілген немесе бүліну белгілері бар жемістер мен көкөністерді сатып алмаңыз;
азық-түлік сатып алғанда, қаптаманың тұтастығына, шығарылған күніне және жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.