
Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Шарбақты ауданының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Н.Н. Меркуловтың төрағалығымен 2025-2027 жылдарға арналған Қоғамдық кеңестің (бұдан әрі-ҚК) 1-ші ұйымдастыру отырысы өткізілді, онда күн тәртібіне сәйкес мынадай мәселелер қаралды:
2.Шарбақты ауданының Қоғамдық кеңесінің 2025-2027 жылдарға арналған Ережесін бекіту.
3.Ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасын сайлау.
Алғашқы 2 сұрақ бойынша Николай Николаевич Меркулов баяндап, қатысушыларды Шарбақты аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы өкімімен таныстырды.
Н.Н. Меркулов ұсынудың барлық рәсімдерінен кейін, ҚР заңнамасына сәйкес, ауданның қоғамдық кеңесінің құрамына 10 адам кіргенін айта кетті: Людмила Кабиденовна Айдосова -зейнеткер, Галина Бахитовна Аяпова – «Динара» ЖК басшысы, Владимир Николаевич Глазинский – «Шарбақты аграрлық- техникалық колледжі» КМҚК АӘД оқытушысы, Серік Салахиденұлы Ещанов - Шарбақты ауданының БЖСМ жаттықтырушысы, Қанат Баймұхамбетұлы Исеев -зейнеткер, Ольга Николаевна Ковтун – «Ковтун О. Н.» ЖК басшысы, Бахтылы Қайырбекқызы Калыбаева–зейнеткер, Гурам Тристанович Липартелиани –«SVAN» ЖК басшысы, Кисамиден Макауұлы Машенов –«Машенов К. М.» ЖК басшысы, Ерлан Қанапияұлы Сыздыков -спорт ұйымының нұсқаушысы- бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары.
Н.Н. Меркулов ауданның қоғамдық кеңесіне сайланған мүшелерін құттықтап, кеңес жұмысының барлық кезеңінде, яғни 3 жылға белсенді жемісті жұмыс тіледі.
Бұдан әрі ол ауданның қоғамдық кеңесінің ережесімен таныстырып, түсіндірме берді, оны ауданның ҚК мүшелері бірауыздан шешіммен бекітті.
Ашық дауыс беру арқылы ауданның ҚК мүшелері өз қатарынан төраға сайлады, ол Бахтылы Қайырбекқызы Калыбаева болды, оның кандидатурасын ұсынған ҚК мүшелері К.М. Машенов және К.Б. Исаев оның ұйымдастырушылық қабілеттерін, сондай-ақ үлкен өмірлік және кәсіби тәжірибесін атап өтті.
ҚК төрағасын сайлау рәсімі аяқталғаннан кейін жұмыс тобының төрағасы Н. Н. Меркулов отырысты одан әрі жүргізуді Б. К. Калыбаеваға тапсырды.
ҚК отырысының 2-бөлімінде аудан ҚК-нің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы қаралды. Кейбір толықтырулармен жоспар бекітілді.
Ашық дауыс беру арқылы ҚК мүшелері аудандық мәслихат комиссияларымен бірлесіп жұмыс істейтін 2 комиссияның құрамдары мен төрағаларын сайлады: заңдылық, әлеуметтік саясат және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия,бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі комиссия.
Сондай-ақ, аудан ҚК отырыстары арасындағы кезеңде жиналысты немесе кеңесті басқаратын сайланбалы орган-ҚК төралқасының құрамы бекітілді.
Отырыс соңында Шарбақты ауданының әкімі Сержан Ерғалымұлы Иманқұлов ауданның ҚК жаңа құрамымен кездесті.
Ол ауданның жаңа құрамының сайлануымен құттықтап, белсенді жемісті жұмыс істеуге, сындарлы диалогқа ашық болуға үміт білдіріп, жұмыста табыс тіледі.
Ауданның ҚК хатшысы К.Кокина.