
Шарбақты аудандық сотымен 1974 жылы туған Павлодар қаласының жұмыс істейтін тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.
2020 жылдың 13 мамырында сағат 11:00 шамасында құқық бұзушы Шарбақты ауылы Мир көшесі мен Амангельді көшесінің қиылысында «HYUNDAI ACCENT» автокөлігін басқарып, жол бермей, «TOYOTA LAND CRUISER 200» маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
Сотта құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, жол-көлік оқиғасын жасағанын түсіндірді.
Келтірілген залал сақтандыру компаниясы арқылы қалпына келтіріледі.
Жәбірленуші құқық бұзушының соттан қатаң жазаламауды сұрады.
Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 610- бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 38892 теңге айыппұл салды.
Қаулы заңды күшіне енді.
«Шарбақты аудандық сотының
баспасөз қызметі»