
Шарбақты аудандық сотына талапкер қарызды өндіру туралы жүгінді.
Өзінің талап-арызын 2018 жылғы 15 тамызда жауапкер қолхат бойынша одан 4 000 000 теңге сомасындағы ақшаны қарызға алып, 2019 жылғы 15 мамырға дейін қайтаруға міндеттенді. Алайда, қазіргі уақытқа дейін жауапкер қарызды толық көлемде қайтармаған, қарыз қалдығы 500 000 теңгені құрады.
Сот ісін жүргізу үшін талап арызды қабылдаудан бұрын, тараптар дауды реттеу туралы медиация келісімін соттың бекітуіне ұсынды.
Сот талапкер мен жауапкер арасында жасалған медиативтік келісімді келесі шарттармен бекітті:
- талапкер талап арыздардан толық көлемде бас тартады.
- жауапкер қарыз сомасын таниды және ай сайынғы төлемдермен төлеуге міндеттенеді.
Азаматтық іс өндіріспен тоқтатылды.
5000 теңге сомасындағы мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енді.
«Шарбақты аудандық сотының
баспасөз қызметі»