
❗Қызылша - ең жұқпалы ауру. Кейбір жағдайларда бұл аурудың асқынуы ауыр және тіпті өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Аурудың таралуына жол бермеу үшін халықты вакцинациямен қамтудың жоғары деңгейі қажет. Екпе алмаған тұрғындардың пайызының төмендеуі аурудың өршуіне әкелуі мүмкін❗ Қызылшамен ауыратын адаммен қарым-қатынаста болған, вакцинацияланбаған адамның ауруды жұқтыру қаупі 90% -дан жоғары❗ Қызылша мен оның асқынуларының алдын алудың ең жақсы және қауіпсіз жолы – ауруға қарсы екпе алу❗