Логотип

Меню

Страницы

Статья

"БЖЗҚ туралы өзекті мәселелер"

  • Айтыңызшы, БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер бойынша 2025 жылы өзгерістер бола ма? 

   Еңбек сіңірген демалысқа 2025 жылға дейін шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 қаңтардан бастап 5% ұлғаяды.

         Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Әдістемеге сай, зейнетке шығатын азаматтарға ай сайын берілетін төлем былай есептеледі: төлем ала бастайтын алғашқы жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының 6,5% төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы төлем зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне  ұлғайып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы төлем республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - КД) кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады (2025 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі - 46 228 теңге).

         Мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеп, зейнет жасына толған, олардың пайдасына жиынтығында кем дегенде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген адамдар сияқты белгілі бір санаттағы алушылар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуінен артығын қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады. 

         БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

     2)    Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының 2025 жылға арналған мөлшерлемесі қандай? 

          2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшері ұлғайды. Қазір ол - 2,5%.

          Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы жүйесі жаңа құрамдауыш – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. Қолданысқа енгізілген өзгерістерге сай, әрбір жұмыс беруші қызметкерлердің кірістерінен төленетін 10% міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) бөлек, өз қаражаты есебінен 1975 жылғы 01 қаңтардан бастап туған қызметкерлерінің пайдасына қосымша жарна төлеуге міндеттелді. Жыл сайын ЖМЗЖ мөлшері кезең-кезеңімен өсіп отырады (2024 жылы 1,5%, 2025 жылы 2,5%, 2026 жылы 3,5%, 2027 жылы 4,5%) және 2028 жылы 5% жетеді.

         ЖМЗЖ есептелетін сома тиісті күнтізбелік жылға белгіленген ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) кем болмауы және оның 50-еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Жұмыс берушілер зейнет жасындағы, 1-ші және 2-ші топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар, әскери қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ 1975 жылдың 1 қаңтарына дейін туған адамдардың пайдасына ЖМЗЖ төлеуден босатылды.  

3) Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары мұраға беріле ме?

       Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бірінші төлем түскен кезде автоматты түрде ашылатын және жұмыскерлердің меншігі болып табылмайтын шартты жинақтаушы шоттарға аударылады. Тиісінше, оларды мұраға қалдыруға болмайды. Жүйеден шыққан (ҚР азаматтығынан айырылған немесе қайтыс болған) адамдар үшін төленген жарналар қалған қатысушыла

Дата публикации
24 января 2025
Дата обновления
24 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы