Логотип

Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне» шақырады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылғы 27 тамызда «Ашық есік күнін» жаңа онлайн форматта өткізеді. Басты тақырып – «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз».

2020 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында автомат түзімде бір миллионнан астам жаңа жеке зейнетақы шоты ашылды. Көптеген салымшы үшін алдағы «Ашық есік күні» Қор қызметімен және Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесімен танысу үшін керемет мүмкіндік болғалы тұр.

Сонымен қатар БЖЗҚ мамандары зейнетақыны жоспарлау туралы, Қордың салымшылармен қарым-қатынас арналары, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың жедел тәсілдері туралы айтып береді, зейнетақы калькуляторы арқылы келешек зейнетақыны есептейді, сондай-ақ барлық қызықтыратын мәселе бойынша білікті кеңес береді.

«Ашық есік күнінің» 27 тамызда 11:00 c., 14:30 c., 16:00 c. онлайн платформада өтетінін еске саламыз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e9882afdad4b64d0cada254a142ae665c сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 170 946 1966 мен event-жиналыс паролі WR14 енгізіледі.

Дата публикации
24 августа 2020
Дата обновления
24 августа 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы