
Дұрыс тамақтану – бұл калорийді бақылау мен шексіз диетаға отыру ғана емес, біріншіден бұл қажетті азық-түліктермен: етпен, астық тұқымдастармен, сүт азық-түліктерімен, жемістермен, көкөністермен қамтылған толыққанды тағам мөлшері.
Қолымызға жиі тиетін, микротолқынды пеште жылдам жылытылатын тағамды жиі жейміз. Өнімнің пайдасын (немесе оның зияндығын) анықтауға тіпті уақытымыз да жоқ. Тағамды әйтеуір дәмді, жылдам, тойымды болса деп таңдаймыз. Бұл дұрыс па? Әрине, жоқ.
Салауатты өмір салты – бұл дұрыс балансталған тамақтанудан, спорт жаттығуларынан, зиянды әдеттерден бас тартудан, әлемге позитивті және үйлесімді көзқараспен қараудан тұратын күнделікті шаралар кешені. Осының барлығы өмірдің салты мен стилі болып табылады! Дұрыс өмірсалтын ұстанғысы келетін сау адамдарға диетолог дәрігерлерге бару және дұрыс тамақтану туралы көптеген кітаптарды сатып алу міндетті емес, әдетте бұл адамды шатыстырып жібереді. Өзіңізді және өз жақындарыңызды дұрыс тамақпен тамақтандыру үшін қазіргі замандағы диетология сүйенетін кейбір ережелерді ұстанған жеткілікті.
Ең бірінші ереже: өзіміз жейтін тағамды максималды дәрумендеуге бағытталу керек. Кезеңдік жемістерді, көкөністерді, жидектердің қолданылуын арттырған жөн, сонда сіздің ағзаңыз дәруменсіздікті сезінбейді. Жануарлар майларының санын азайтып, өсімдік майларымен анда-санда алмастырған дұрыс. Таза қант пен тұздың қолдануын шектеңіз. Кондитерлік бұйымдарды бал және құрғақжемістермен, ал тұзды – дәмдеуіштермен алмастырған жөн.
Дұрыс тамақтану басты ережелері:
Дұрыс тамақтану ережелерін сақтау үшін келесі азық-түліктердің: қант, тұздатылған, қақталған тағамдарды, қуырылған асты, майлы шошқа етін, консервілер мен консервіленген азық-түліктердің қолданылуын шектеу керек.
Дәруменделген азық-түліктерді пайдалану аса маңызды.
Халықтың барлық тобында дәрумен жеткіліксіздігінің жасырылған түрлері – гипо және полигиподәруменсіздіктің орын алуы байқалады.
Осылай күрделі дәруменсіздік дамымайтындай қажетті дәрумендер санының ең азын алу қалпын айтады, бірақ денсаулықты сақтауға және иммунитетті арттыру мен балаңызды толыққанды дамуына бұл жеткіліксіз.
Бұл мәселе дәстүрлі әдіспен шешілмейді, яғни дәрумендері көп тек табиғи азық-түліктерді қолдануды арттыру есебінен ғана, өйткені тіпті құндылығы бойынша жеткілікті ең үздік балансталған тағам мөлшерінің өзі тәуліктік тұтынушылықтың 50% аспайтын дәрумендермен қамтамасыз ете алады.
Бұл мәселенің тиімді шешуіне кепілдік беретін барлық экономикалық дамыған мемлекеттер жүретін сенімді жол - тамақтануға байытылған азық-түліктерді енгізу болып табылады. Бұл - әдеттегі қарапайым тағам мөлшерінен қажетті тағам заттарын керек мөлшерде алу есебімен құрамына қажетті дәрумендер, минералдар, жасұнық (тағам талшықтары), тірі биомәдениет қосымша енгізілген қарапайым тағам азық-түліктері.
Оларға мыналар жатады:
және басқа да азық-түліктер.
Сүттерді, йогурттарды, айрандарды А және С дәрумендерімен байытады. Олардың ішіндегі «А» дәрумені, азық-түлік майлы болса, тіпті жақсы қорытылады. «С» дәруменімен күрделірек, ол құбылмалы және сақтау кезінде жылдам бұзылады.
Спредтерге А, Е, Д, К дәрумендерін қосады. Өйткені олардың негізінде – сүт және көкөніс майлары бар, осы майда жылдам еритін дәрумендер денеге жақсы таралады.
Шырындардың қораптарында өндірушілер А,С,Е дәрімендері қосылған деген жазбаларды жиі қолданады. Бұл, әрине, қорапты безендіреді, бірақ А және Е дәрумені сіңу үшін шырында «майлы тамшылар» болу керек. Мысалы алма және апельсин шырынында олар өте аз. Шырындағы С дәрумені егер жаңа сығылған шырын болған жағдайда ғана ағзаға жақсы сіңеді. Пакеттелген шырындарда дәрумендіктің болуына сене бермеу керек.
«Жылдам» пәсетін ботқаларды В тобының дәрумендерімен байытады. Бұл жақсы нұсқа, өйткені астық тұқымдарындағы осы дәрумендер жақсы сіңеді.
Егер өндірушілер орамаларда «Дәрумендер кешенімен бірге» деп нақты дәрумендерді көрсетпей, жай жазса, осындай жалпы сөздерге маркетингтің айла-тәсілдері деп түсінген дұрыс.
Минералдар қосылған азық-түліктер
Бізге темір, йод және кальций жиі жетіспейді. Оларды бірінші етіп азық-түліктерге қосады.
Темір қосылған азық-түліктерге әйелдерге назар аударған жөн: 10 әйелдің 8-нде теміртапшылықты анемияның белгілері бар. Бұл микроэлементті ұнға, нанға, сүтке, йогуртқа жиі қосады. Йодты қарапайым адам қажетті мөлшерінен 3 есе аз алады. Оның жеткіліксіздігін йодталған және теңіз тұзы толықтыра алады. Бірақ ол үшін тағамды дайындар алдында тұздамау керек, ал тағам дайын болған кезде тұздаған жөн, өйткені йод жылу өңдеуден өткенде бұзылады.
Тағы бір мәселе – кальцийдің жетіспеушілігі. Азық-түліктерден алынған кальций нашар сіңеді, ол үшін Д дәрумені мен магний керек. Осы элементпен сүт азық-түліктерін және мюслиді байытады.
Дұрыс тамақтану – ұзақ өмірдің кепілдігі, бұл туралы бала да біледі. Ұзақ өмір сүрудің құпиясы - сау, әрі құнды ас үлесінде.
Шарбақты аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Г.Б.Қойбағарова