
Өндірістік бақылау (өзін-өзі бақылау) – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде - зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені.
Жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар өндірістік бақылаудың (өзін-өзі бақылаудың) тиімді жүйесін әзірлейді, құжаттамалық рәсімдейді, енгізеді және жұмыс жағдайында ұстайды.
Жүзеге асырылатын өндірістік бақылаудың уақытылығын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз етеді.
Жүзеге асырылатын өндірістік бақылаудың уақытылығын, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету жеке кәсіпкердің және заңды тұлға басшысының бұйрығымен тағайындалатын лауазымды адамдарға жүктеледі.
Өндірістік бақылаудың мақсаты - объектіде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарының (бұдан әрі – нормалау құжаттары) талаптарының сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жолымен өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.
Өндірістік бақылау мыналарды қамтиды:
- өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеу;
-халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес зертханалық зерттеулер мен өлшемдерді жүзеге асыру (ұйымдастыру) ;
- медициналық тексерулердің уақытылы және толық өтуін бақылау;
- өнімнің қауіпсіздігі мен сәйкестігін растайтын құжаттардың болуын бақылау;
- тәуекел факторларын бағалау, анықталған қауіптерді, қауіпсіздік критерийлерін және (немесе) өндірістік және қоршаған орта факторларының зиянсыздығын талдау және процестердің қауіпсіздігін бақылау әдістерін анықтау;
- өндірістік бақылауды жүзеге асыруға байланысты құжаттаманың есебі мен есептілігін жүргізу;
-халықты, жергілікті атқарушы органдарды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылуы туралы, объектінің қызметіне байланысты жаппай (үш және одан да көп жағдай) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп төндіретін инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар туралы хабардар ету кестесін әзірлеу;
- өндірістік бақылау бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылау.
Өндірістік бақылау бағдарламасы жаңа технологияны енгізу, технологиялық процеске, тамақ өнімінің рецептурасына өзгерістер енгізу, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығына әсер ететін және (немесе) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіретін басқа да өзгерістер кезінде қайта қаралуға жатады.
Зертханалық зерттеулер мен сынақтарды жеке кәсіпкер, заңды тұлға өндірістік зертханалар базасында немесе Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханаларды (сынақ орталықтарын) тарта отырып жүзеге асырады.
Өндірістік бақылауды жүргізу үшін сынамаларды іріктеу мен жеткізуді зертхана (сынақ орталығы) маманы, не объектінің оқытылған қызметкері жүзеге асырады.