Логотип

Меню

Страницы

Статья

Дезинсекция және дератизация құралдары туралы не білуіміз керек?

  Дезинсекция-адамды, жануарларды, үй-жайлар мен аумақты олардан қорғау мақсатында жәндіктер мен буынаяқтыларды жою жөніндегі алдын алу және жою іс-шараларының кешені. Дератизация – кеміргіштердің (егеуқұйрықтар, тышқандар және т.б.) таралуымен күресуге бағытталған шаралар кешені.

 Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге міндетті. Профилактикалық дезинсекция мен дератизацияны (инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарының аумағында, сондай-ақ жұқпалы аурулар ошақтарында) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асырылады.

Инсектицидтерді қолдану арқылы дезинсекцияны өз бетіңізше жүргізу тыныс алу жолдарында ауыр улануды және аллергиялық реакциялардың дамуын тудыруы мүмкін. Бұл өмірге өте қауіпті!

Инсектицидтермен улану белгілері инсектицид түріне, оның ағзаға түсу жолына (ауыз арқылы қабылданатын, тері немесе ингаляциялық) және заттың дозасына байланысты өзгеруі мүмкін.

Негізгі тән белгілерге тері бөртпесі, терінің күйдіруі немесе тітіркенуі, көздің тітіркенуі, тыныс алудың қиындауы, жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы және ұзақ мерзімді белгілерге жалпы денсаулықтың өзгеруі, тәбеттің төмендеуі, шаршау, бас ауруы, тыныс алу аурулары, бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы жатады.

Айта кету керек, жоғарыда аталған белгілердің кез келгені байқалса, мүмкіндігінше тезірек дәрігерге жүгіну керек.

Үйден немесе пәтерден жәндіктер мен кеміргіштерді жоюдың шұғыл міндеті болса, дәл осындай қызметтерді ұсынатын мамандандырылған ұйымдарға хабарласу керек. Тек кәсіби дезинсекция мен дератизация тиімді және қауіпсіз болуы мүмкін!

Дата публикации
10 декабря 2024
Дата обновления
10 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы