
Сібір жарасы – ауру жануарлардан жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру Сібір жарасын ауру жануардың қанымен тікелей байланыста болғанда, қоздырғыштар зақымдалған адамның терісіне түскенде жұқтыруға болады.
Мысалы, малдарды сою, бөлшектеу, тасымалдау кезінде және т.б. Айта кету керек, бұл инфекция адамнан адамға берілмейді.
Сібір жарасының белгілері: жалпы әлсіздік, бастың ауыруы және бұлшықеттің қақсауы.
Алдын алу:
Денсаулығыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін малдың етін ветеринариялық куәландырусыз және тиісті рұқсатсыз сатып алуға болмайды. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек.