Логотип

Меню

Страницы

Статья

Радиациялық қауіпсіздікт қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.

       Радиациялық объектілердегі сәулелену көздерімен жұмыс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы

№ ҚР ДСМ-90 бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2022 жылғы 02 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған гигиеналық нормативтер" санитариялық қағидаларының талаптары негізінде жүзеге асырылады.

      Сәулелену көздерімен жұмыс істеуге кемінде 18 жастағы, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, радиациялық қауіпсіздік бойынша оқудан өткен, сәулелену көздерімен жұмыс істеуге кемінде 2 адам жіберіледі.

       Пациенттер мен халықтың радиациялық қауіпсіздігі медициналық сәулеленудің барлық түрлерінде (профилактикалық, диагностикалық, емдік және зерттеу) қамтамасыз етіледі.

      Персонал мен халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

      1)    иондаушы сәулеленуді жерге немесе адамдар жоқ жерге бағыттау;

      2) сәулелену көздерін қызмет көрсетуші персоналдан және басқа адамдардан мүмкіндігінше алыс қашықтыққа алып тастау;

      3) адамдардың сәулелену көздеріне жақын болу уақытын шектеу;

     4) радиациялық қауіптілік белгісін және ескерту плакаттарын кемінде 3 метр қашықтықтан анық көрінуге тиісті жерге іліп қоюға міндетті.

      Сәулелену көздерімен жұмыс басталғанға дейін персонал жабдықтың жарамдылығын тексереді. Ақаулар анықталған жағдайда жұмысты тоқтата тұру, радиациялық объектінің әкімшілігін хабардар ету және жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымның өкілін шақыру қажет.

      Персоналдың жылдық дозаларын анықтау мақсатында жеке дозиметриялық бақылау және пациенттердің сәулеленуіне дозиметриялық бақылау жүргізіледі (пациенттің талабы бойынша оған сәулеленудің алынған дозасы туралы ақпарат беріледі).   

     Сәулеленудің жеке дозасы кейіннен персоналдың жеке карточкасына енгізіле отырып, журналда тіркеледі. Сәулелену көздерімен жұмыс істейтіндердің барлығы жұмыс түрі мен сыныбына сәйкес жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Дата публикации
26 ноября 2024
Дата обновления
26 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы