Логотип

Меню

Страницы

Статья

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық елді мекендерде орналасқан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт мекемелерінде және агроөнеркәсіптік кешен мекемелерінде одан әрі кемінде үш жыл жұмыс істеу шартымен атталған санаттағы мамандарға Келісім негізінде ұсынылады.

Қаулымен белгіленген әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері:

- көтерме жәрдемақы 100 АЕК мөлшерінде (2020 жылы бұл сома 277800 теңгені құрайды).

- Бюджеттік кредит тұрғын үй алуға немесе салу үшін 1500 АЕК (2020 жылы 4167000 теңге) аспайтын көлемде 15 жылға дейін мерзімге, жылдық пайыздық көрсеткіші кредит сомасынан 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесімен  беріледі.

Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы асырылады.

Көтерме жәрдемақы әлеуметтік қолдау шараларына ие болу үшін, маман келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. 2-қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. білімі туралы дипломның көшірмесі;
  4. жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі.

 

  Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу үшін, маман келесі құжаттарды ұсынады:

 

  1. осы Қағидаларға 2 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. білімі туралы дипломның көшірмесі;
  4. жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі.
  5. сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
  6. кредиттік бюродан есеп;

 

   Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алу үшін, маман келесі құжаттарды ұсынады:

  1. осы Қағидаларға 2 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. білімі туралы дипломның көшірмесі;
  4. жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі.
  5. сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
  6. кредиттік бюродан есеп;

 

Осы Ережеде көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті алушының және оның жұбайының (зайыбының) және балаларының жылжымайтын мүлкінің жоқ(бар) екендігі туралы анықтамалар, көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы мәліметтер, еңбек қызметі бойынша мәліметтер, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, Мемлекеттік корпорация қызметкері немесе көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.

Әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша берешегі бар көрсетілетін қызметті алушыларға оларды толық өтеген сәтке дейін ұсынылмайды.

Көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартады:

 

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болған;

      3) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан оның негізінде айырылған, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар болған;

Көрсетілетін қызметті алушының кредит бойынша мiндеттемелерді орындауы:

      1) өзі сатып алған тұрғын үйді кепілге қоюмен;

      2) салынған тұрғын үйді кейіннен кепілге қоюмен өзге жылжымайтын өтімді мүлікпен қамтамасыз етiледi.

Қосымша ақпарат алу үшін «Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  ММ-не мына мекен-жай бойынша хабарласу қажет: Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі 55, 16 каб, телефон 22662.

Дата публикации
17 августа 2020
Дата обновления
17 августа 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы