Логотип

Меню

Страницы

Статья

Медициналық қалдықтар дегеніміз не және олар қалай жойылады?

 Медициналық ұйымдардың медициналық қалдықтарын реттеу халықтың эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары медициналық қалдықтарды қауіпті деп санады және оларды жоюдың арнайы қызметтері мен әдістерін құру қажеттілігі туралы мәлімдеді.

Медициналық қалдықтар дегеніміз не? Бұл медициналық ұйымдарда медициналық қызметті жүзеге асыру (емдеу рәсімдерін орындау) кезінде пайда болатын қалдықтар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен бекітілген "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талабы бойынша медициналық мекеменің басшылығы бұйрықпен осы Санитариялық қағидалар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жауапты адамды тағайындайды. Жауапты адам қалдықтарды есепке алуды, қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі тиісті есепке алу құжаттамасын жүргізуге, медициналық қызметкерлерді медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу мәселелері бойынша нұсқама өткізуге және оқытуға тиіс. Сондай-ақ, медициналық қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі санитариялық қағидалардың талаптарын тиісінше орындамау ауруханаішілік инфекцияның туындауына және халық арасында инфекциялық аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін екенін атап өту қажет.

Медициналық қалдықтар қалай жойылады? Б және В сыныптарының медициналық қалдықтары арнайы қондырғыларда (инсинераторлар) залалсыздандырылады. Бұл ретте медициналық мекемелер мен елді мекендердің аумағында медициналық қалдықтарды жағуға жол берілмейтінін атап өткен жөн. Г класындағы медициналық қалдықтарды көму қауіпті қалдықтарға арналған полигондарда, ал олар залалсыздандырылған жағдайда қатты-тұрмыстық қалдықтар полигондарында жүзеге асырылады. "Д" класындағы медициналық қалдықтар нормалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

 Медициналық қалдықтарды жинау, жою жұмыстарымен айналысатын қызметкерлер медициналық тексеруден өтуі керек екенін білу керек. Сондай-ақ ірі медициналық мекемелерде медициналық қалдықтарын сақтау үшін сору желдеткішімен, тоңазытқыш жабдығымен, стеллаждармен, таразылармен, контейнерлермен, ыстық және суық су келтірілген раковинамен жабдықталған жеке үй-жай бөлінеді. Медициналық қалдықтарды жинау, қабылдау және тасымалдау бір рет қолданылатын пакеттерде, сыйымдылықтарда, қауіпсіз кәдеге жарату қораптарында, контейнерлерде жүзеге асырылады. Жинақталуына қарай мамандандырылған ұйымдар шығарады және кәдеге жаратады.

 

 

Дата публикации
31 октября 2024
Дата обновления
31 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы