
2020 жылдың 03 тамыздан бастап 02 қыркүйек аралығына дейін «Шарбақты аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ, Шарбақты ауданының сауда нүктелерінде «Қауіпсіз өнімдер» акциясы өтуде.
Жемістер мен көкөністерге тұтынушының еркін таңдауы әдісімен нитраттар құрамына экспресс-әдіспен мониторинг жүргізілуде.
Бүгінгі күні 15 сынама зерттелді, «қауын» 1 сынамасында сәйкес еместігі анықталды – нитрат мөлшері 199 мг/кг асып кеткен, көрсеткіш нормасы 90 мг/кг.
Аудан тұрғындары мен қонақтарына сатып алынатын өнімге назар аударуды, сондай-ақ тамақтан уланудың алдын алу мақсатында көп мөлшерде тұтынбауды ұсынамыз.
Шарбақты аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Гурин Д.А.