Логотип

Меню

Страницы

Статья

Шарбақты ауданы бойынша фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы

          «ҚР АШМ АӨК МИК Шарбақты ААИ» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылық Министрлігінің құрылымдық бөлімшесі бола отырып, аудан аумағында өсімдік қорғау және оқшау ұстау саласындағы заңнамалардың орындалуын бақылау-қадағалау функцияларды атқарады. Аумақтық инспекциясының негізгі функция өсімдіктерді қорғау және оқшау ұстау саласында мемлекеттік басқару, реттеу, бақылау және үйымдастыру жұмыстары болып табылады.

 «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің берілген мәліметтері бойынша зиянды жәндіктерге қарсы бюджет есебінен атқарылатын химиялық өңдеулердің жыл сайынғы жоспарлау өткізіліп, бәсекелестік ортада келісім шарт бойынша қызмет көрсететін, фирма-атқарушылар жүргізеді.

          Бүгінгі таңда аудан аумағында төмендегі зиянды және аса қауіпті зиянды жәндіктер таралғандары:

  1. Үйірленген шегіртке зиянкестері (итальяндық прус) – жаппай өсіп дамығанда, алыс жерлерге үшіп, ауылшаруашылық егін, шабындық және жайылымдарды жою мүмкіндігі бар.
  2. Үйірленбеген шегірткелер (айқышты саяқ шегіртке, кіші айқышты саяқ шегіртке, Фишер саяқ шегіртке және т.б. ) – алыс жерлерге үшпайтын, жақын жердегі егіндерге зиян келтіру, шабындық және жайылымдарды кескілеп тастауы мүмкін.
  3. Дәнді дақылдарға арнайы зиян келтіретін зиянкестер (бидай, арпа) – астық сұр көбелегі, астықтың жолақ бүргесі, бидай трипсі және т.б.
  4. Дәнді дақылдарының ауруларынан аса қауіпті септориоз, тот және тамыр шіріктері, жайлы жағдайда бидай, арпа және басқа астық дақылдарына зиян келтіреді.

Өткізілген фитосанитарлық іс-шараларының нәтижесінде аудан бойынша 5 жыл бойы жайлы фитосанитариялық жағдай орнатылды. Зиянды жәндіктердің саны көбейгені байқалмады.

Ағымдағы жылдың шегіртке зиянкестердің орналасуын анықтау мақсатында 96650 гектар алқапта зерттеу жұмыстары өткізіліп, химиялық оңдеуден 4693 гектар, олардан 762 гектар үйірлі шегірткеге қарсы және 3931 гектар саяқ шегірткеге қарсы атқарылды.

Өсіп дамуына қолайсыз жағдайына байланысты, екі жыл бойы астық сұр көбелегінің саны азайғаны байқалынып отыр.

Дәнді дақылдарының ауруларынан ең қауіпті септориоз және тоттар болып табылады. 2024 жылдың ауа райының жағдайларына байланысты дәнді дақылдарының егінінде аурулардың өсіп дамығаны және таралғаны байқалмады. Болжамданған көлемі 4000 гектар өткен жылдардың деңгейінде қалып отыр.

Ауылшаруашылық тауарөндірушілердің есебінен 94734 гектар  ауылшаруашылық дақылдарының егінінде арам шөптерге және 6899 гектар шалғын көбелекке қарсы химиялық оңдеу жұмыстары жүргізілді.

Басқа зиянды жәндіктердің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде өсіп дамығаны, таралғаны (саны экономикалық зиянды шегінен асқаны) байқалмады.

Аудан бойынша карантиндік объектілермен зақымдалған алқаптары бар –  жатаған укекіре және қарағайдың мұртты қара қоңызы.

Галкинский селолық округінде 20 гектар алқапта карантиндік объект қарағайдың мұртты қара қоңызымен зақымдалғаны белгіленген. Бұл алқапта барлық  оқшалау, ошақты жою іс-шаралары өткізіліп, қазіргі уақытта қоңыздың ұшуы санаулы, ошақ өшу кезеңінде, сау ағаштарға қауіпі жоқ.

Карантиндік арам шөбі Укекіремен (горчак розовый) 15,24 гектар алқапта зақымдалған («Победа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 1,42 га, «Турбин» шаруа қожалығында 4,85 га, «Шығыс жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 3,0 га, «Алексеевское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 0,9 га, «Тас Агро Трейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 0,2 га, «Бидай Алтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 1,6 га, «Вигис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 0,85 га, «Омелюх» шаруа қожалығында 0,2 га, «Аралбаева» шаруа қожалығында 0,9 га, «Апакидзе» шаруа қожалығында 1,27 га және «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамда 0,05 гектар). Жатаған укекіреге қарсы 15,24 гектар алқапта химиялық оңдеу жұмыстары жүргізілді.

2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88 Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы, 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. бұйрығы бойынша инспекция төрт мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Ол карантинге жатқызылған өнімді Республиканың аумағында тасуға карантиндiк сертификат беру, карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстаннан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру,

ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу, Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру.

          Жылдың басынан бастап мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 92 өтініштер қарастырылып, 72 фитосанитарлық және 106 карантиндік сертификаттар берілді.

          «Өсімдік карантині туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес заңсыз карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауына тыйым салу бойынша Ресей Федерациясымен шекарасында «Шарбақты» фитосанитарлық бақылау бекеті жұмыс істеуде. Ағымдағы жылдың басынан бастап 2238 жүк тасымалы автокөліктер тексерілді, оның ішінде импорт 1562, экспорт 480, транзит 196 автокөліктер.

          2024 жылдың 1 қаңтардан өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 1076,0 мың теңге сомаға 10 айыппұл салынды.

          Аудан бойынша жайлы фитосанитариялық жағыдайды қамтамасыз ету бағытталған жұмысы бекітілген жоспары бойынша жүргізілуде.

 

 

 

«ҚР АШМ АӨК МИК Шарбақты ААИ» ММ

 

 

 

 

Дата публикации
24 сентября 2024
Дата обновления
24 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы