Логотип

Меню

Страницы

Статья

"БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күні" іс-шарасына шақырады. Тақырыбы: Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары

                2024 жылғы 20 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары" тақырыбына арналған "Ашық есік күнін" онлайн-форматта өткізеді.

Мақсаты - салымшылар мен іс-шараға қатысушыларды болашақ зейнетақыны есептеу және оны ұлғайту жөніндегі жоспарды қалыптастыру/түзету үшін қажетті "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" ыңғайлы құралдарымен таныстыру.

 

Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (іс-шараға қатысушыларға) зейнетақы калькуляторы арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу керектігі туралы түсініктеме беріледі. Зейнетақы жоспарын қалай жасап, қажет болған жағдайда, қалай өзгертуге болатыны да көрсетіледі. "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" қызметтерін пайдалану бойынша жаңа мүмкіндіктер туралы әңгімелеп береді.

 

Бұған қоса, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңес беруге дайын.  

 

Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні" онлайн-форматта 20 қыркүйек күні өтеді (12.00 с.).

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет (https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m4576a4af6f630a53190a60d6d445a21b). Содан кейін event-кеңестің нөмірін: (2512 882 5022) және event-кеңестің құпиясөзін: (1414) енгізіңіз.

         

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!

 

 

 

Дата публикации
18 сентября 2024
Дата обновления
18 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы