
Сальмонелла бактериялары тұқымы-бүкіл әлемдегі бактериялық ішек инфекцияларының негізгі себептерінің бірі. Аурудың маусымдылығы жоқ, сальмонеллез жағдайлары жыл бойы тіркеледі.
Сальмонеллезге бейімділік әмбебап, ауру барлық жас топтарында кездеседі, бірақ көп жағдайда сальмонеллезге мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар бейім.
Инфекция көзі адамдар да, жануарлар да (ауру немесе бактерия тасымалдаушылар) болуы мүмкін. Көбінесе инфекция ет және сүт өнімдері арқылы, әсіресе ифекция жұқтырған құс еті және жұмыртқа арқылы жүреді.
Инфекцияның негізгі берілу жолдары: ластанған тағамдарды (құс еті, жұмыртқа, сүт өнімдері) тұтыну. Кейбір жағдайда су немесе байланыс-тұрмыстық жол (лас қолдар, тұрмыстық заттар) арқылы жұғады.
Сальмонеллездің алдын алу:
✔️Дәретханаға барғаннан кейін, тамақтанар алдында және тамақ дайындамас бұрын қолыңызды сабынмен үнемі және мұқият жуыңыз.
✔️Азық-түлікті тоңазытқышта сақтаңыз және тауар көршілестігін сақтаңыз: шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтау қажет.
✔️Тез бұзылатын тағамдардың жарамдылық мерзімін қадағалаңыз.
✔️Шикі сүт пен сүт өнімдерін тұтынбаған жөн, пастерленген немесе қайнатылған сүтті таңдаңыз.
✔️Крем қосылған тәтті тоқаш пен тортты тек жаңа піскен түрде тұтыныңыз; дайындалған тағамдар келесі күні қалса, тоңазытқышта дайындалған күннен кейін 24 сағаттан артық сақтамаңыз.
✔️Рұқсат етілмеген сауда орындарында ет, ет өнімдерін, құс еті, жұмыртқа және сүт өнімдерін сатып алмаңыз.
✔️Тамақ дайындамас технологиясын сақтаңыз, тамақ өнімдерін мұқият термиялық өңдеуден өткізіңіз; шикі жұмыртқаны және дұрыс пісірілмеген тағамды тұтынбаңыз.
Сіздің денсаулығыңызға қамқорлық тағамды дайындау мен сақтаудың дұрыс тәсілінен басталады!