Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» №333-VI Заңының 8–бабының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Шарбақты ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру жәнеөткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, олардың шекті толтырылу нормасы, арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- Осы шешімнің № 2 қосымшасына сәйкес пикеттеу өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары белгіленсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.