Логотип

Меню

Страницы

Статья

Қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарламаларға қатысты, эпидемиологиялық маңызы аз нысандар туралы

📌 Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарына қызметті (нысандарды пайдалану) бастау немесе тоқтату туралы хабарламаларға қатысты көптеген сұрақтар келіп түсуде, олар эпидемиологиялық маңызы аз нысандарға қатысты.

 

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жекелеген кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруды бастағаны туралы уәкілетті мемлекеттік бақылау (қадағалау) органына хабарлауға міндетті.

 

📍 Хабарлама тек электрондық түрде «Электрондық лицензиялау» порталында (www.elicense.kz) беріледі, бұл қызметті алуды айтарлықтай жеңілдетеді және уақытыңызды үнемдейді.

 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарына кәсіпкерлік қызметті бастау немесе тоқтату туралы жедел хабарлауға көмектесетін алгоритмді ұсынамын:

 

✔️ www.elicense.kz сайтына кіріп, «Онлайн қызметке тапсырыс беру» түймесін басыңыз. Жаңа т

📌 Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарына қызметті (нысандарды пайдалану) бастау немесе тоқтату туралы хабарламаларға қатысты көптеген сұрақтар келіп түсуде, олар эпидемиологиялық маңызы аз нысандарға қатысты.

 

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жекелеген кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруды бастағаны туралы уәкілетті мемлекеттік бақылау (қадағалау) органына хабарлауға міндетті.

 

📍 Хабарлама тек электрондық түрде «Электрондық лицензиялау» порталында (www.elicense.kz) беріледі, бұл қызметті алуды айтарлықтай жеңілдетеді және уақытыңызды үнемдейді.

 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарына кәсіпкерлік қызметті бастау немесе тоқтату туралы жедел хабарлауға көмектесетін алгоритмді ұсынамын:

 

✔️ www.elicense.kz сайтына кіріп, «Онлайн қызметке тапсырыс беру» түймесін басыңыз. Жаңа терезеде «Электрондық лицензиялау» порталы ашылады.

 

✔️ Жүйеге кіріңіз немесе «Электрондық лицензиялау» порталында тіркеліңіз.

 

✔️ Порталдың ашылған бетінде қажетті қызмет түрін таңдаңыз және «Әрі қарай» түймесін басыңыз.

 

✔️ Қызметтің паспортына сәйкес қажетті құжаттар пакетімен танысып, «Онлайн қызметке тапсырыс беру» түймесін басыңыз.

 

✔️ Өтінімді толтырып, қажетті деректерді көрсетіңіз және оны ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

 

Сіз берген өтінімнің мәртебесін «Менің өтінімдерім» бөліміндегі Жеке кабинеттен қадағалай аласыз. Рұқсат алу туралы «Менің рұқсат құжаттарым» бөлімінен, ал хабарлама алу туралы «Менің хабарламаларым» бөлімінен біле аласыз.

 

Сонымен қатар, егер сіз әлі хабарлама бермеген болсаңыз, әкімшілік жауапкершілікке тартылмас үшін мұны мүмкіндігінше тезірек жасауды ұсынамын.

 

 

Дата публикации
03 сентября 2024
Дата обновления
03 сентября 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы