Логотип

Меню

Страницы

Статья

ҚР азаматтары басқа елге тұрақты тұруға көшкен жағдайда, олардың зейнетақы жинақтары қайтарыла ма?

     БЖЗҚ-да міндетті, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МЗЖ, МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан заңнамасына сай қажетті құжаттарды өткізген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын пайдалана алады.

Құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен жүгінген шетелдікте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхатының не уәкілетті қазақстандық орган берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы және олардың жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.

Егер бұл құжаттар (өтініш білдірген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсатының күшін жоюына не Қазақстан азаматтығынан айырылуына/шығуына байланысты) жарамсыз болса, БЖЗҚ зейнетақы төлемін жүзеге асырады.

БЖЗҚ-ға құжаттарды тапсырудың 3 тәсілі бар:

  1. Сіз БЖЗҚ кеңсесіне шетелдік паспортпен және банктік шот туралы мәліметтермен жеке жүгіне аласыз.
  2. Тұрақты тұруға кететін өкіл (сенім білдірілген тұлға) БЖЗҚ кеңсесіне құжаттар топтамасымен жеке өзі жүгіне алады.
  3. Қажетті құжаттарды БЖЗҚ облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің пошталық мекенжайына жіберуге болады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін жіберілетін құжаттарды Қордың "Төлемдерге құжаттарды алдын ала тексеру" электрондық қызметін пайдалана отырып алдын ала тексеруге болады.

Зейнетақы жинақтарын төлеу тек алушының банктік шотына, оның ішінде зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болған жағдайда ғана жүзеге асырылатындығына назар аударамыз. Зейнетақы жинақтарын заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршысының), сондай-ақ сенім білдірілген тұлғаның банктегі шотына төлеуге жол берілмейді. Осылайша, басқа елде тұрақты тұруға өтініш берген адам өзінің зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына немесе басқа адамдарға бере алмайды.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысының 14-тармағы, 2-параграфы, 2-тарауы), Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға белгіленген құжаттар қабылданған немесе түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бір рет біржола жүзеге асырылады.

Мәлімет үшін хабарлаймыз, БЖЗҚ сайтында құжаттарды БЖЗҚ-ға беру тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған.

Дата публикации
30 июля 2024
Дата обновления
30 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы