
Балалардың демалысын ұйымдастыру әрқашан маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Жазғы демалыс - жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық даму, оқушылардың жетілу кезеңі. Сонымен қатар, жазғы демалыс балалардың жұмсаған күштерін толықтыру, денсаулығын нығайту және сауықтыру кезеңі болып табылады. Шарбақты ауданында балалардың жазғы демалысын қала сыртындағы "Чайка" сауықтырулагерінде, сондай-ақмектепжанындағылагерьлердеұйымдастырады. 2024 жылғымаусымда 1719 баланы сауықтыру жоспарлануда.
Маусымдық жазғы лагерьлерде балаларды сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар объектілерді пайдалануға беру алдында "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу және есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына сәйкес нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.
Балалардың сауықтыру лагерлерінің негізгі мақсаты – білім беру немесе мәдени даму, сондай-ақ балалардың толыққанды қауіпсіз демалысын ұйымдастыру, олардың сауығуына жағдай жасау. Сауықтыру ұйымдарын ұстауға қойылатын талаптар "балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген Санитариялық қағидалармен регламенттелген. Осы нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес сауықтыру маусымы ашылғанға дейін сауықтыру ұйымдарында жөндеу-қалпына келтіру және профилактикалық жұмыстар жүргізіледі:
- инженерлік желілердің, желдету, ауаны баптау, жарықтандыру жүйесінің жұмыс тиімділігін тексеру;
- ауыз суды зерттей отырып, сумен жабдықтау құрылыстары мен желілерін профилактикалық жуу және дезинфекциялау;
- аумақты тазалау және абаттандыру; профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шараларжүргізу.
Тағы бір маңызды мәселе-тамақтану жағдайына қойылатын талаптар. Тамақтану толыққанды, сапалы, баланың денесіне арналған болуы керек. Тамақтану аралығы 3,5-4 сағаттан аспайтын қосымша екіншітаңғы аспен немесе кешкі аспен кемінде бес рет тамақтану қажет. Тамақтану арасында мәзірге ашытылған сүт өнімін енгізу ұсынылады. Күн сайын тағам мәзіріне ет, сүт, май және өсімдік майы, қарабидай және (немесе) бидай наны, көкөністер мен қантты қосу. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құсеті – жеті күнде екі рет қосу керек. Гиповитаминоздың алдын алу және балаларды тиімді сауықтыру мақсатында салқындатылған сусындарды (компот, желе) "С"дәруменімен жасанды дәрумендендіру қажет. Жұмысқа медициналық кітапшасы бар және мерзімді медициналық тексеруден және гигиеналық оқытудан өткені туралы белгісі бар персонал жіберіледі.
Балаларды сауықтыру лагеріне жіберу кезінде тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, ата-аналарға баламен жеке гигиенаның қарапайым ережелері туралы профилактикалық әңгіме жүргізуді ұсынамыз, атап айтқанда:
- тамақтанаралдында және дәретханағабарғаннан кейін қолдарын жуып отыруы қажет;
- көкөністер мен жемістерді қолдан аралдында ағынды сумен жақсылап шайғаны дүрыс;
- бассейнде шомылғаннан кейін міндетті түрде душ қабылдауы керек,
- басқа адамдардың жеке гигиена заттарын (тарақтар, тіс щеткалары және т.б.) және киімдерді пайдаланудан бас тарту, туристік жорыққа шығу кезінде дененің барлық ашық бөліктерін жабу (шұлық кию, ұзын және түймеленетін блузкалар кию). Егер ішек инфекциясының белгілері пайда болса (әлсіздік, жүрек айну, құсу), дене температурасының жоғарылауы және т. б. Балаларды дереу медициналық көмекке жүгінуге үйретіңіз;
- жазғы сауықтыру мекемесіне баратын балаға денсаулық жағдайы туралы құжаттардың (071/у), жұқпалы аурулармен байланысының жоқтығы туралы анықтамалардың болуын қамтамасыз ету қажет.