Логотип

Меню

Страницы

Статья

Су тасқыны бойынша халыққа арналған жадынама

Су тасқыны кезінде жұқпалы ауруларды тудыратын қолайсыз эпидемиологиялық жағдайлар дамуы мүмкін бе?

Қандай жұқпалы және жұқпалы емес аурулар су жолымен беріледі?

Су жолымен: гепатиттер, тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, лептоспироз, туляремия (ауыз судың кеміргіш бөлінділермен ластануы), сальмонеллез, құрттар беріледі.

Су арқылы берілетін вирустық аурулардың ішінде ішек вирустарының тобы, соның ішінде энтеровирустар, гепатит А және басқалары басым орын алады. Өзендерден, ұсақ көлдерден су тасып, жаңбыр суларымен араласқан кезде еріген су түзіліп, бұл шұңқырлар, шаруашылық аулалар, дәретханалардағы лас қалдықтармен араласып, құдықтар мен скважиналардағы сулардың жаппай ластануына әкеліп соғуы мүмкін.

Су тасқынының тағы бір проблемасы - кеміргіштер, көптеген аурулардың қоздырғыштары, олар тұрғын үйлер мен ғимараттарға еніп, адамның жұқпалы және паразиттік аурулармен ауыру қаупіне ықпал етуі мүмкін.

Сондықтан тұрғындар су тасқыны кезінде келесі қарапайым және тиімді ережелерді сақтауы қажет:

  1. Қолды сабынмен мұқият жуу, дәретханаға барғаннан кейін, тамақ дайындау және тамақтану алдында, жеке учаскеде жұмыс істегеннен кейін мүмкіндігінше қолды жиі жуу.
  2. Ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану.
  3. Азық-түлікті сақтау және дайындау ережелерін сақтау.
  4. Тамаққа термиялық өңдеуден өткен азық-түлік өнімдерін қолдану.
  5. Жеке гигиена ережелерін сақтау, оның ішінде жас балаларға күтім жасау кезінде.
  6. Көкөністер мен жемістерді ағынды суда мұқият жуу, қайнаған сумен өңдеу.
  7. Тұрғын үй-жайларды және үйдің жанындағы аумақты таза ұстау.
  8. Толтырылуына қарай қазылған шұңқырларды сордырып тұру.
  9. Ауыз су мақсатында пайдаланылатын ұңғымаларды тазарту, дезинфекциялау.
  10. Тасқын суға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбау.
  11. Жеке учаскеде жұмыс істеген кезде қолды қорғау құралдарын қолдану, лас қол арқылы инфекция ағзаға түспеуі үшін жұмыс кезінде тамақ ішпеңіз және темекі шекпеңіз.
  12. Тұрғын үйлер мен аула аумақтарын қолғаппен тазалаңыз.

Жедел инфекциялық ауру белгілері: дене қызуының көтерілуі, құсу, іштің өтуі және т.б. пайда болған жағдайда дереу жергілікті медициналық ұйымнан медициналық көмек сұраңыз. Шарбақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы гигиеналық ережелерді сақтау Сізді көптеген аурулардан қорғайтынын ескертеді!

Дата публикации
03 апреля 2024
Дата обновления
03 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы