
1)Қызмет беруші туралы мәлімет.
«Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-сі, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141100, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 49, байланыс телефондары 8(71836)22830, 21953.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында барлығы 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» № 88-V Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
2)Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 428 құрайды, оның ішінде:
электрондық түрде барлығы – 411 (egov.kz/elicense.kz, көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланыссыз);;
қағаз түрінде – 17;
3)Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Неғұрлым талап етілетін мына мемлекеттік қызмет:
Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру.
2.Қызмет алушылармен жұмыс атқару.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен оларға қол жеткізу орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында ғимаратта мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған стенд жабдықталған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Бөлім тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, халықты электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу әдістері мен тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізеді.
Бір жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету және алу бойынша бірқатар түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
2023 жылдың 2-тоқсанында аудан тұрғындары арасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында бөліммен тікелей эфирлер мен дөңгелек үстел өткізілді. Сондай-ақ, Шарбақты ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп «OpenSharbakty» фронт-офисінің алаңында азаматтарды қабылдау өткізілді.
3 тоқсанда шаруа қожалықтарында «Үйден шықпай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметті ал» іс-шарасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.
4 тоқсанда «мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі», акциялар өткізілді. Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен бірлесіп «OpenSharbakty» фронт-офисінің алаңында азаматтарды қабылдау өткізілді.
Брошюраларды тарату бойынша жұмыс жүргізілді.
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру шеңберінде «Электрондық үкімет» порталы бойынша өзіне-өзі қызмет көрсетудің 1 бұрыш жұмыс істейді.
Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді одан әрі алу мүмкіндігі үшін бөлім маманы аудан тұрғындарына электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ғимаратта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған, онда электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін барлық қажетті техника бар.
Біліктілікті арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімнің маманы 2023 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Бөлім жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ішкі талдау жүргізеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру мақсатында заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерге талдау жүргізіледі, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде тиісті ұсыныстар енгізіледі.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2023 жылғы 13 ақпан мен 24 ақпан аралығында «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің маманы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізді. Жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама нормаларының 12 бұзушылығы анықталды оның ішінде:
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу-11;
- құжаттар пакеті толық болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету-1.
3)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүргізілмеген.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
2023 жылы Шарбақты ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
5.Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Бұдан әрі көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою жөнінде толық шаралар қабылдау;
- мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемелердегі ақпараттық стендтерді жаңарту, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері мен тәртібі туралы мақалалар жариялау;
- электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету және таныстыру бойынша іс-шаралар өткізу;
- мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкердің біліктілігін арттыру.
Бөлім басшысы С. Шахметова