
Бөлім сәулет және ТКШ саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» № 88-V Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 276 құрайды, оның ішінде:
электрондық түрде барлығы – 256;
мемлекеттік корпорацияға – 20;
2023 жылы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
- Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну бойынша СЖТ-79;
- Нобаймен (нобайлық жобамен) келісу бойынша-79;
Сондай-ақ көрсетілген қызметтер:
- ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру бойынша -20;
- Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру (1 - кезең)-13;
- Тұрғын үйге есепке және кезектілікке қою -33;
- Күзгі-қысқы жағдайларда энергия өндіруші ұйымдарға дайындық паспортын беру -24.
- Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдаушының шығындарын субсидиялау -40;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру -1;
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен оларға қол жеткізу орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында ғимаратта мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған стенд жабдықталған.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми сайтында (www.gov.kz) Шарбақты ауданы әкімі аппаратының бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсетудің өзекті ережелеріне сілтеме бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Бөлім тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, халықты электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу әдістері мен тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізеді.
2023 жылғы 28 сәуірде «Open Sharbaqty»-де сәулет және ТКШ саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша онлайн тікелей эфир өткізілді, бейнематериал «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.
2023 жылғы 28 шілдеде «Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің бас маманы мен бөлімінің бас маманымен бірлесіп экономика, сәулет және ТКШ саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша «Open Sharbaqty» онлайн жәрмеңке өткізілді, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.
2023 жылғы 31 қазанда «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің, «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің мамандарымен және бөлімнің бас маманымен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша онлайн жәрмеңке өткізілді, бейне «Instagram» әлеуметтік желісінде орналастырылды.
2023 жылғы 19 желтоқсанда «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы және «Open Sharbaqty» бөлімінің бас маманымен бірлесіп сәулет және жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді.
Сондай-ақ, «Open Sharbaqty» фронт-офисінің алаңында бөлім қызметкерлермен бірлесіп, халық арасында электрондық үкіметтің веб-порталы және электрондық лицензиялау арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша оқыту жүргізді.
Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді одан әрі алу мүмкіндігі үшін бөлім мамандары аудан тұрғындарына электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ғимаратта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған, онда электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін барлық қажетті техника бар.
2023 жылғы 10-12 сәуір аралығында Павлодар облысы бойынша Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында бөлімнің бас маманы Ильяс Вагизович Гумаров «Дебюрократизациялау және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру жөніндегі үшкүндік семинарына қатысып, оқытудан өтті.
Оқуды аяқтағаннан кейін маман сертификат алды.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі басшы мен жауапты мамандар тиісті Заңдарды, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын, әдістемелік ұсынымдарды зерделеу арқылы өз білімдерін арттырып отырады.
Мамандар мемлекеттік қызмет көрсету үдерістеріне тұрақты негізде талдау жүргізеді.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі функциялар бөлімнің бас маманына бекітілген.
3)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі 2023 жылғы 18-20 қазан аралығында Шарбақты ауданының әкімдігінде бақылау іс-шарасын өткізді.
Мәселен, тексерілетін кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 17 қазанға дейін 3 тармақ бойынша 23 бұзушылық анықталды.
1.Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтауы-9.
2.Көрсетілетін қызметті алушылардан артық құжаттарды талап етуге жол бермеу-13.
3.Көрсетілетін қызметті берушілердің, «электрондық үкімет» веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын орналастыруға жататын мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жылына кемінде бір рет жария талқылауды жүргізу – 1 бұзушылық.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
2023 жылы Шарбақты ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Бұдан әрі тиімділік және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою жөнінде толық шаралар қабылдау;
- мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемелердегі ақпараттық стендтерді жаңарту, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері мен тәртібі туралы мақалалар жариялау;
- бөлім ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлар жасау (пандустар, тактильді жолақтар, мнемосхемалар, шақыру түймелері, белгілер және т. б.);
- электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу.
Бөлім басшысының м.а. М. Темнохуд