Логотип

Меню

Страницы

Статья

«Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп

  1. Жалпы ережелер
  • Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі ММ: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141100, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 53, байланыстар 8(71836)21680,22662

Экономика және бюджеттік жоспарлау саласында барлығы мемлекеттік қызметтің 1 түрі көрсетіледі, ол 3 түршеге бөлінеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясына  және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы қағидаларына негізделген, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V Заңын басшылыққа алады.

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 56, оның ішінде:

          электрондық түрде - 53 (ЭҮП, көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланыссыз);

          Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы -3 .

 

  • Ең сұранысқа көп мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Сұранысқа көп мемлекеттік қызметінің: Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарына, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы беру» түршесі болып табылады.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған стенді жабдықталған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми сайтында  (www.gov.kz), Шарбақты ауданы әкімі аппаратының бөлімінде «Экономика» кіші бөлімі бар, онда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсетудің өзекті ережелеріне сілтеме бар.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді.

«Ауылдық елдi   мекендерге жұмыс   iстеуге және тұруға  келген  денсаулық сақтау,  бiлiм  беру,   әлеуметтiк   қамсыздандыру,   мәдениет,   спорт   және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Бөлім тұрақты негізде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу тәсілдері мен тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Жыл бойнша бірнеше түсіндіру іс-шаралары жүргізілген.

Өткен жылдың 1 тоқсанында бөлім «Amanat» партиясымен бірлесе отырып,  ауданның жас мамандарымен ZOOM платформасы арқылы онлайн-кездесу барысында, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарын, ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік қызметшілерін әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету»мемелекеттік қызметі туралы ақпарат берілді.

       
     
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудан халқын мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ, электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуын насихаттау мақсатында ХҚКО қызметкерлерімен бірлесіп,  ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

       
   
     
 

 

 

 

 

 

 

 

«Павлодар облысы Шарбақты ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандары үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында бюджеттік несие және көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік қолдау көрсету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері талқыланды.

 

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ, бөлім басшысы Б.Ю. Татваева, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы                      А.Е. Смақовамен әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.

 

 

 

 

 

 

 

2023 жылдың 2-тоқсанында «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарын, ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік қызметшілерін әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету»   мемлекеттік қызметі туралы «Sharbaqty» аудандық газетінде (2023 жылғы 27  сәуірдегі №17) мақала жарияланды.

        «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарын, ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік қызметшілерін әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету»   мемлекеттік қызметі арқылы жүзеге асырылатын «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламаны түсіндіру мақсатында №3 жалпы орта білім беру мектебінде  «Диплом алып, баспаналы бол!» атты акциясы өткізілді.

 

           
       
       
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тоқсанда  «Экономиканың нақты сектор бөлімі» ММ  бірлесе отырып, «Open Sharbakty» кеңсесінде  мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        4тоқсанда «Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлім»   ММ бірлесіп, мемелкеттік қызметтер бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді.

               
       
       
         
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Брошюраларды тарату бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

                                       
         
         
 
 
 
           
       
 
 
 
 
     
     
       
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру шеңберінде «Электрондық үкімет» порталы бойынша өзіне-өзі қызмет көрсетудің 1 бұрышы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтерді алу журналы жүргізіледі. 2023 жыл бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қызметтер  көрсетілмеген.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Бөлім маманы аудан тұрғындарына электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігі туралы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта одан әрі алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Ғимаратта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған, онда мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше алу үшін барлық қажетті техника бар.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

         2023 жылы 10-12 сәуір аралығында бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсететін маманы «Бюрократиядан арылу және мемелекеттік қызметтердің сапасын арттыру» тақырыбында 3 күндік біліктілікті арттырудың курстарын өтті.    

         3)Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру мақсатында нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізіледі, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

         2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

          Павлодар облысы әкімінің мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау   бөлімімен   бақылау   іс-шарасын        өткізілді. Тексеру  барысында

 негізсіз бас тартудың 3 фактісі анықталды

Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастыру жиналысы өткізілді.

 

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

          2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жүргізілмеген.

         4)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

         2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын және тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде:

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша түпкілікті шаралар қабылдау;

- мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемелерде ақпараттық стендтерді жаңарту, мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері мен тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер парақшаларында жариялау;

- көрсетілетін қызметті берушілердің барлық ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі адамдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алған кезде оларға қажетті жағдайлар жасау (пандустар, тактильді жолақтар, мнемосхемалар, шақыру түймелері, белгілер және т. б.);

- көрсетілетін қызметті алушыларды электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

- мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан бақылау іс-шараларын жүргізу.

 

 

 

Бөлім басшысы                                                     Б. Татваева

 

Дата публикации
29 марта 2024
Дата обновления
29 марта 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы