Логотип

Меню

Страницы

Статья

«Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметі туралы есебі  

  1. Жалпы ережелер
  • Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141100, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 57, байланыс телефоны 8 (71836) 21651.

Жер қатынастарында мемлекеттік қызметтердің барлығы 10 түрі көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

2023 жылы «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-мен 189 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің www.elicense.kz (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды) ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз.

  1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» – 141.
  2. 2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» – 8.
  3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 24.
  4. «Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» - 2.
  5. 5. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» - 14.
  6. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

          1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсететін барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған стендтер жабдықталған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми сайтында (www.gov.kz) Шарбақты ауданы әкімі аппаратының бөлімінде «Жер қатынастары» кіші бөлімі бар, онда мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат және мемлекеттік қызметтер көрсетудің өзекті қағидаларына сілтеме бар.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Бөліммен тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, халықты электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері мен тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

          2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша онлайн-жәрмеңке өткізілді.

22.02.2023, 20.12.2023 жылдары жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету және алу тәртібіне қатысты тікелей эфирлер өткізілді. 12.07.2023 жылы жер комиссиясының мүшелерімен жер заңнамасының нормаларын сақтауға қатысты, оның ішінде Facebook сайтындағы бөлім парақшасында тікелей эфирде жер комиссияларының отырыстарын өткізу кезінде аудио-бейнетіркеу арқылы қамтамасыз етілетін өтініштерді қарау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы сабақ өткізілді.      

25.05.2023 жылы бөлім басшысымен ауданның ауылдық округтеріне бару жүзеге асырылды. Халықпен кездесулер барысында Е-лицензиялау порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша консультациялар берілді.

        

        Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру шеңберінде «Электрондық үкімет» порталы бойынша өзіне-өзі қызмет көрсетудің 1 бұрышы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтерді алу журналы жүргізіледі.

        Сондай-ақ, «Open Sharbaqty» фронт-офис алаңында бөліммен қызметкерлермен бірлесіп, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері мен көрсетілетін қызметті алушылар арасында электрондық үкіметтің (www.egov.kz) веб-порталы арқылы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша оқыту жүргізілді.

 

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Бөлім мамандарымен аудан тұрғындарына электрондық-цифрлық қолтаңбаларды алу қажеттілігі туралы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта одан әрі алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ғимаратта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған, онда электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін барлық қажетті техника бар.

  • Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

         Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында 2023 жылғы 18-20 қазанда Павлодар облысы бойынша Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімнің бас маманы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент (ISO 37001: 2016 стандарты) және комплаенс» тақырыбы бойынша үш күндік біліктілікті арттыру семинары өтті.

         Оқуды аяқтағаннан кейін маман сертификат алды.

 

         Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Бөліммен жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ішкі талдау жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
  • Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

         2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Ішкі бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның бөліммен 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау нәтижелері бойынша:

бөліммен келіп түскен өтініштер бойынша уақтылы тіркелмегені анықталды.

        Болашақта мұндай бұзушылықтарды болдырмау мақсатында бөлім басшысымен жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізілді.

 

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

         Бөлім 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

          Бұдан әрі тиімділік және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде:

          - мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

          - көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою жөнінде толық шаралар қабылдау;

             - мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемедегі ақпараттық стендтерді жаңарту, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері мен тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;

- ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлар жасау (пандустар, тактильді жолақтар, мнемосхем, шақыру түймелері, белгілер және т. б.);

             - электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;

             - мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкердің біліктілігін арттыру;

 

 

 Бөлім басшысы                                                  Солтанов С.

 

 

 

Дата публикации
28 марта 2024
Дата обновления
28 марта 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы