Логотип

Меню

Страницы

Статья

Отчет о деятельности ГУ «Отдел занятости и социальных программ Щербактинского района» Щербактинского района Павлодарской области по оказанию государственных услуг за 2023 год

  1. Жалпы ережелер
  • Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.

«Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім), заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141100, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, В.Чайко көшесі, 39, байланыс телефондары: 8 (71836) 21354, 22183.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясына және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ЕХӘҚМ 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283, 286, 287, 288 бұйрығы, Қазақстан Республикасы ЕХӘҚМ 2021 жылғы 25 наурыздағы «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № 84 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ЕХӘҚМ 2023 жылғы 21 маусымдағы «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары» № 227 бұйрығы, Қазақстан Республикасы ЕХӘҚМ 2020 жылғы 28 мамырдағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 197 бұйрығы, Қазақстан Республикасы ЕХӘҚМ 2022 жылғы 15 сәуірдегі «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» № 123 бұйрығы.

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

2023 жылдың қорытындысы бойынша Бөліммен мемлекеттік қызметтің 2381 түрі көрсетілді, оның ішінде:

  • қызмет көрсетушілер арқылы – 1041;
  • электронды түрде барлығы – 1299 (ЭҮП, көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей және тікелей байланыссыз қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйелері);
  • Мемлекеттік корпорация арқылы - 41.
  • Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2023 жылы сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер:

-Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау (584 қызмет көрсетілген);

- Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу (182 қызмет көрсетілген);

- Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу (121 қызмет көрсетілген);

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары ілінген стенд орнатылған.

Инстаграм ресми сайтында (@jumispenqamtybolimi.sharbaqty) апта сайын мемлекеттік қызметтерді алу әдістері мен тәртібі туралы ақпарат жарияланады.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне жатады.

Шарбақты аудандық мәслихатының «Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген                       санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» №266/81 шешіміне өзгерістер енгзуі туралы» шешімі 2023 жылғы 4 сәуірде «Ашық НҚА» сайтында жарияланған, сондай-ақ бұл ережелер 2023 жылғы 3 тамызда «Ашық НҚА» жаңа басылымында орналастырылды.

Шарбақты аудандық мәслихатының «Шарбақты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі» шешімі 2023 жылғы 6 қыркүйекте «Ашық НҚА» сайтында жарияланған және орналастырылды.

Барлық НҚА бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамалық қорытындылар алынды.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және халықты ақпараттандыру мақсатында Бөлім қызметкерлерімен тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен, 2023 жылдың қортындысы бойынша Бөліммен Александровка ауылдық округі (Алексеевка ауылы), Жылыбұлақ ауылдық округі (Хмельницкое ауылы), Орловка және Шарбақты ауылдық округтері (Шарбақты ауылы) тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша 4 кездесу өткізілді, мемлекеттік қызметтерді алу әдәстері туралы 3 тікелей эфир, Шарбақты ауылында «АМАНАТ» партиясы филиалы ғимаратының жанында мемлекеттік қызметтерді алу акциясы өтті, 1 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесі, «электрондық үкімет» веб-порталы және мобильді қосымшалар арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша әлеуметтік қызметкерлер арасында 1 оқыту, мемлекеттік қызметтер көрсету және алу мәселелері бойынша бөлім басшысының 2 рет азаматтарды қабылдауы. Сондай-ақ, ай сайын бөлім қызметкерлерімен тұрғындарға әлеуметтік қорғау саласында қызметтер көрсету туралы ақпараттар бар брошюралар таратылады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Бөлім ғимаратында электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін барлық қажетті құрал-жабдықтары бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

2023 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 55 мемлекеттік қызмет алынды.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсететін 1 маман «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бюрократиясыздандыру және арттыру» тақырыбы бойынша 3 күндік біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында проблемалық мәселелер туындаған жағдайда мемлекеттік құқықтық бөлімге жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2023 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша шағымдар түскен жоқ.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша жаппай құқықтық оқыту жүргізілді.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2023 жылы Шарбақты ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімімен Бөлімде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге профилактикалық бақылау жүргізілді.

Бақылау іс-шаралары барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы бұзудың 352 фактісі анықталды, оның ішінде:

         - көрсетілетін қызметті алушылардан қажетсіз құжаттарды сұрату фактілері - 5;

- толық емес құжаттар пакетімен мемлекеттік қызметтер көрсету фактілері - 4;

-  мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін бұзу фактілері- 5;

         -  мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілері - 29;

-  басқа талаптарды бұзу фактілері - 309.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 6 ұсыныс берілді. Бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды – 2.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

2023 жылы Шарбақты ауданында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын одан әрі тиімді ету және арттыру мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде:

- мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемелердегі ақпараттық стендтерді жаңарту, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелерін ресми интернет-ресурста уақтылы орналастыру, аудандық газеттерде, әлеуметтік желі парақшаларында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды жариялау;

- мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлар жасау (пандустар, тактильді жолақтар, мнемосұлба, шақыру түймелері, белгілер және т.б.);

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды кеңінен насихаттау және ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

- мемлекеттік қызметтер көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау іс-шараларын жүргізу.

Дата публикации
18 марта 2024
Дата обновления
18 марта 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы