
🎉🎊Біздің еліміздегі баршаның сүйікті мерекесі – Наурыз мейрамы жақындап келеді, ол түрлі тағамдардың – наурыз-көже, бауырсақ, ет, қазы, шұжық, қуырдақ, жент және басқа да тез бұзылатын өнімдердің молдығымен ерекшеленеді. Мерекеге дайындық кезінде адамдар дастарханға азық-түлік сатып алады, ата-аналар балабақшалар мен мектептерге тамақ әкеледі, қалалар мен елді мекендерде жәрмеңкелер ашылады.
☝️Мерекелік іс-шаралар кезінде тамақтан улануды және жұқпалы ауруларды болдырмау үшін бірқатар ұсынымдарды сақтау қажет.
📌Іс-шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға:
- 🪧қатысушылардың жоспарланған санымен учаскелер бойынша бөлу арқылы іс-шаралар кестесін жасау;
- 🪧адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін елді мекеннің бүкіл аумағы бойынша алаңдарды барынша тарату;
- 🪧тамақ өнімдерін дайындау және сату кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
- 🪧үйде дайындалған өнімдерді сатуға тыйым салу;
- 🪧сатушылар арнайы киімде болуы керек, жеке гигиенаны сақтай отырып, бір реттік ыдыста өнімді сату;
- 🪧қалдықтарды жинау орындарын ұйымдастыру және оларды уақтылы шығару.
📌Жұртшылыққа:
- 🪧қауіпсіз тағамдарды таңдаңыз. Ата-аналар тағамның балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуіне ерекше мән беруі керек;
- 🪧дененің гипотермиясына жол бермеңіз, орталық және солтүстік аймақтардағы ауа-райы әлі тұрақты емес;
- 🪧әсіресе балалардың жарақат алмауы үшін алтыбақан тебетін орындарда, спорттық жарыстарда көпшіліктен аулақ болуға тырысыңыз.
📌Ұйымдастырылған ұжымдарда (мектептер, балабақшалар):
- 🪧ата-аналар қауымы мен білім беру объектілерінің әкімшілігі түсіндіру жұмыстарын жүргізуі, сақтау шарттары мен мерзімдері сақталмаған жағдайда жаппай улануға әкеп соғуы мүмкін үйде дайындалған өнімдерді пайдалануға тыйым салуы қажет.
👏Келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Барлық жақсылықты тілейміз. Өзіңізге қамқорлық жасаңыз.