
Қорғау іс-шараларының көлемін жоспарлау - дақылдардың жоғары және тұрақты өнімділігін қамтамасыз етуде, зиянкестерден, өсімдік ауруларынан және арам шөптерден айтарлықтай шығындардың алдын алуда өсімдіктерді профилактикалық қорғауды ұйымдастырудың маңызды элементі.
Ағымдағы жылы Шарбақты ауданының аумағында қорғаныс іс шаралары көлемінің жоспарлануы төмендегідей:
Үйірленген шегірткелер бойынша (итальяндық прус) - 762 га,
Саяқ шегірткелер бойынша – 3071 га жоспарланған.
Ағымдағы жылы шегірткелердің өткен жылмен салыстырғанда көбеюі байқалады.
Шегіртке зиянкестерінің көбеюінің негізгі себептері биологиялық өрлеу, жерді пайдалану сипатының өзгеруі және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұрақсыздығының жай-күйі болып табылады, бұл агротехниканы, өсімдіктердің қорғалуын ұйымдастыру талаптарын сақтамауға, дәнді дақылдардың едәуір егістік алқаптарын егіс айналымынан шығаруға әкеледі. Салдарынан әр түрлі жастағы қабаттың түзіліп, итальяндық прустың және табындық емес шегіртке зиянкестерінің неғұрлым зиянды түрлерінің дамуы мен қоныстануы үшін қолайлы жағдайлар тудырды. Осыған байланысты бұрын егіс айналымынан шығарылған аудандарды игеру қажет. Көктемде қатаң түрде егіске іргелес жатқан жерлер мен егістік аралық жолдарды агротехникалық өңдеуді ерте жүргізу қажет, бұл шегіртке мен шабындық көбелек қуыршақтарының қабығын жоюға, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясын жақсартуға, мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға және аса қауіпті зиянкестермен күресу әдістерін ұйымдастыруды қажет етеді.
Шегірткелердің жаппай көбеюі апатты болуы мүмкін, бұған көптеген мысалдар бар. Ал қазір бұл маңызды міндет ауданның егіншілерінің алдында тұр.
Шегіртке зиянкестерінің санын азайту үшін өсіп-өну маусымында химиялық бақылау әдісі де қолданылады.
Шегірткелерге қарсы қабылданатын шаралар (химиялық әдіс) алдын алу - профилактикалық сипатта болады, бұлар заманауи жағдайда тиімдірек әрі үнемді әдістер болып табылады, дақылдардың зақымдануын және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жоғалтуды болдырмау үшін олардың жаппай көбеюіне жол бермеу мақсатында жүргізіледі.
Өсімдіктерді қорғау құралдарын енгізудің негізгі әдісі-жер үсті және авиациялық бүрку. Бүрку технологиясы арнайы кадрларды даярлауды қажет етеді. Химиялық өңдеу кезінде өңдеу мерзімдерін, өңделетін аймақты жұмыс ерітіндісімен жабу дәрежесін және пестицидтерді тұтыну нормаларын қатаң сақтау керек.
Қорғау шараларын сақтай отырып, ауыл шаруашылығы алқаптарының фитосанитариялық жай-күйін жақсартуға, аса қауіпті зиянкестердің, ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларының жаппай көбеюіне, арамшөптердің таралуына жол бермеуге, сол арқылы елдің азық-түлік және биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ауданда қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз етуде өсімдіктерді қорғау қызметі қолданатын шараларға қарамастан, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз егістіктерін үнемі және мұқият қадағалап отыруға, жедел маусым кезінде аса қауіпті және зиянды организмдердің болуына егістіктерге мониторингтік тексерулер жүргізіп тұруға кеңес берер едім
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-5-бабының 1-тармақшасына сәйкес қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, фитосанитариялық мониторинг, фитосанитариялық іс-шаралар жүргізуге және саны зияндылықтың экономикалық шегінен (ЭҮП) жоғары зиянды және аса зиянды организмдердің дамуы мен таралуына жол бермеуге міндетті.
«ҚР АШМ АӨК МИК Шарбақты ААИ» ММ