Логотип

Меню

Страницы

Статья

Жерлеуге берілетін төлем сомасы көбейді деп естіген ем... Қазіргі сәтте оның мөлшері қандай екенін білуге бола ма?

Иә, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қабылданған Әлеуметтік кодекске сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері шегінде қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі. Бірақ бұл сома қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) бар қаражаттан артық болмауы тиіс.

           Егер қайтыс болған адамның ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының қалдығы жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін АЕК мөлшерінен аспайтын соманы құраса, бұл қалдық қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді Естеріңізге сала кетейік, бұрын жерлеуге арналған біржолғы төлемге өтінішті жерлеуді жүзеге асырған адамдар да бере алатын, ал төлем 52,4 еселенген АЕК-ке тең сома болатын.

           БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, жинақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. БЖЗҚ-ның жерлеуге, мұрагерлерге берілетін төлемді жүзеге асыру тәртібі, мерзімдері және қажетті құжаттар тізбесі туралы БЖЗҚ сайтынан толық біле аласыз. 

Дата публикации
21 февраля 2024
Дата обновления
21 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы