
«Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 ҚРЗ, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже» 2015 жылғы 29 маусымдағы № 12032 сәйкес өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету фитосанитариялық сертификаттар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасына әкелу, транзиттің басталуы мен аяқталуы фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы ғана жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша облысаралық тасымалдар карантиндік сертификаттар болған кезде жүзеге асырылады. Карантинге жатқызылған өнімнің әрбір тасымалданатын партиясы карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жатады.
Карантинге жатқызылған өнім, сондай-ақ көлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағына, ҚР АШМ 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығымен бекітілген карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден бос жағдайда ғана әкелінеді. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі.
Карантинге жатқызылған өнімнің иесі әкелген кезде, жүк келген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін, карантинге жатқызылған өнімнің кез келген қолжетімді тәсілмен, келгені туралы ескертеді және жүктің межелі пунктінде карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін карантинге жатқызылған өнімді ұсынады.
Қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған өнім сақталатын егістіктерді, аумақтарды, қоймаларды жүйелі түрде зерттеуді қамтамасыз етуге тиіс. Карантиндік объектілер анықталған кезде бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органды ексертуге міндетті. Сондай-ақ «Өсімдіктер карантині туралы» ҚРЗ талаптарды сақтауға және уәкілетті органның өсімдіктер карантині бойынша тиісті іс-шаралар жүргізу туралы нұсқамаларын орындауға міндетті.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды, жеке, заңды тұлғаларды жауапқа тартуға құқығы бар.
Карантинді объект – өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, Еуразиялық экономикалық одақтың карантинді объектілердің бірыңғай тізбесіне және (немесе) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп.
Шарбақты ауданында таралған карантиндік объектілердің бірі – жатаған укекіре (горчак ползучий). Ол барлық дерлік егістік дақылдарды ластайды, темір жол мен автомобиль жолдарының жиектерінде, шалғындарда, жайылымдарда, елді мекендерде молынан өседі.
Оны жоюға тамырлар мен тамырлардың өскіндер ең үлкен қиындықты туғызады. Басты түбірден шығатын бүйірлік тамырлар алдымен көлденеңінен созылады, содан кейін біртіндеп топырақтың бетіне қарай көтеріледі, бірақ оған жетпей, екінші реттегі тік тамырлар құра отырып, тік бұрылады.
Көлденең тамырларда, әсiресе бүгiлген жерлерде және тiк тамырларда, жоғарғы бөлiгiнде жер үстiндегi өскінді бастайтын көптеген бүйректер пайда болады. Осылайша, аналық өсімдіктің айналасында өсіп, укекіре өскіндерін куртеше құрайды. Укекіре айналасында өсетін басқа өсімдіктерді 50-80% ығыстырып шығарады. Укекіремен ластанған жерлерде өсiмдiктерiнiң жойылуының негiзгi себебi бүкiл егістік көкжиегiн көптеген тамырлармен тесіп өтетiн топырақтың қатты құрғауы болып табылады.
Тамыр өскіндердің дамуы мен пайда болуы ерте көктемнен басталады және күзге дейін жалғасады. Мамыр-маусымда укекіре гүлдейді, маусым-шілдеде тұқым береді. Әдетте дәнді дақылдарды жинауға дейін тұқымды қалыптастыруға үлгереді. Борпылдақ және тығыздалған топырақта жақсы өседі.
Егер укекіремен күрес жүргізбесек, ол тек ауыл шаруашылығына ғана емес, бүкіл ел шаруашылығына да үлкен экономикалық зиян келтіруі мүмкін.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жатаған укекріенің пайда болуының негізгі себептер:
- арамшөп тұқымынан тазартылмаған егіс материалының тұқымымен;
- желмен, сумен алыс қашықтыққа көшіру;
- құстардың, жануарлардың және көлік құралдарының тұқымдарын тасымалдау.
Тағы бір себеп ауыспалы егіс айналымының сақталмауы, яғни ауыл шаруашылығы дақылдары мен булардың уақытында ауыстырмағаны болып табылады. Ауыл шаруашылығындағы дұрыс ауыспалы егістер егіншілік жүйесінің ұйымдастырушы буыны болып табылады. Топырақты уақытылы және сапасыз өңдеу, өңделмеген жердің болуы, гербицидтерді жеткіліксіз қолдану да егістіктерде укекіренің пайда болуына әкеледі.
Қазiргi заманғы өсiмдiктердi қорғау химиялық құралдарды және агротехникалық әдістерді кезiнде пайдаланып, топырақтың құнарлығын төмендетпей, укекірені неғұрлым тез жоюға болады.
Культиваторларды (жазық кескіштерді) қолдана отырып, құлазытып тастаған аумақта (ошақтар астындағы алаң) ғана агротехникалық шараларды жүргізеді. Өңдеуді, кейіннен тереңдете отырып, бірнеше рет жүргізеді. Культиватормен өңдеуді мамыр айынан бастап шілденің ортасына дейін укекіренің розеткаларын кесу арқылы жүргізіледі. Залалданған аймақты периметр бойынша қалқалармен белгілеу қажет.
Бірақ гербицидтерді буларда қолдану - укекіремен күресудің ең тиімді шараларының бірі болып қала береді. Укекіремен күресу үшін тұтас әсер ететін гербицидтерді қолдану ұсынылады. Препаратты таңдау кезінде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген препараттар тізімін басшылыққа алу қажет.
«ҚР АШМ АӨК МИК Шарбақты ААИ» ММ