
2023 жылғы 1 желтоқсанда «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шалдай ауылы халқының пікірін ескере отырып және Павлодар облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 23 қарашадағы қорытындысы негізінде шешімінің жобасы әзірленді.
Осы жобаның мақсаты идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын заманауы атаумен қайта атау болып табылады.
Шешімнің жобасы қосымша қаржыландыруды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.