Логотип

Меню

Страницы

Статья

ЖРВИ мен Тұмау

Өзіңізді ЖРВИ мен Тұмаудан қалай қорғауға болады.

Бүгінгі таңда ЖРВИ және тұмау аурулары тіркелуде. Сондықтан вирустың белгілері, онымен қалай күресу және алдын алу шаралары туралы білу маңызды.

 

ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі.

 

ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілерінде өзін-өзі емдеуге болмайды, медициналық көмекке жүгіну керек, дәрігерді үйге шақыру керек, ауруды таратпау үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек.   Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі - пневмония.

 

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін эпидемиологиялық маусым кезінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-қимылдарды жүргізу мыналарды қамтиды:

 

тұмауға қарсы иммундау;

медициналық мекемелерде «сүзгілерді» еңгізу, маскаларды қолдану, антисептиктермен қамтамасыз ету;

ЖРВИ, тұмау белгілері бар жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларға дәрәгерді үйге шақыру;

мектепке дейінгі балалар мекемелерінде күнделікті таңертеңгі бақылауды еңгізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды қабылдамау.

Сондай-ақ инфекцияны болдырмауға көмектесетін белгілі спецификалық емес профилактикалық шаралар бар. Бөлмені күн сайын желдетіп, қолыңызды мұқият жуып, антисептик пайдаланып, аурудың көтерілу кезеңінде адамдар көп жиналатын іс-шаралардан бас тарту керек немесе маска кию, иммунитетті нығайту, спортпен шұғылдану және ұйқы мен тамақтану сапасын бақылау қажет.

Дата публикации
08 ноября 2023
Дата обновления
08 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы