Логотип

Меню

Страницы

Статья

Мен өзімнің зейнетақы жинағымды жеке инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға 100 % көлемде аудара аламын ба?

Салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының 50% аспайтын бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмай, осындай компанияны өз бетінше таңдай алады.

Ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар ғана зейнетақы жинақтарының 100% дейін ИПБ-ға бере алады.

Бұл ретте мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталу кепілдігін жинақтардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) қарамағындағы бөлігіне ғана беретінін атап өткен жөн. Ал жеке басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының сақталуына және олардың табыстылығына салымшы таңдаған компания жауапты болады. Сондықтан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына ауыстырмас бұрын, нарықтағы басқарушы компаниялардың қолданыстағы тізбесімен танысып, олардың БЖЗҚ сайтындағы инвестициялық декларацияларын, инвестициялық қызметке шолуларды зерделеп, таңдалған жеке компанияның тәжірибесі және жұмыс нәтижелерімен толығырақ танысып, ықтимал тәуекелдерді мұқият ескерген жөн. Сіз олар туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын www.enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" - "Инвестициялық портфельді басқарушылар тізбесі" бөлімінен біле аласыз. МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі толық статистика да www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" - "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.

Дата публикации
15 сентября 2023
Дата обновления
15 сентября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы