
Адамдардың қаза болуы мен улы газбен уланудың алдын алу мақсатында Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығының 2023 жылдың 15 шілдеден өткізілуін хабарлайды. Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу кезеңінде, бөлім қызметкерлері, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы өртке қарсы нұсқаулықтар жүргізе отырып, тұрғын үйлерді аралап шығады. Адамдардың қаза болуы мен улы газбен уланудың жиі кездесетін себептері жылыту пешінің дұрыс жұмыс істемеуінен болады. Осыған байланысты, тұрғын үйлерді аралау кезінде үйдегі жылыту пештері мен электр сымдарының жағдайына ерекше назар аударылады. Тексеруден кейін тұрғын үйлердің тұрғындарына жадынамалар таратыла отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар беріледі.
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз
Шарбақты ауданының ТЖБ инеженері азаматтық қорғау лейтенанты Колыбаев А.О.