
Ағымдағы жылдың 5 тамызда Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес кандидаттардың сәйкестігін анықтау үшін қажетті құжаттарды қарады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес ұсынылған кандидат: Александровка ауылдық округінің әкіміне кандидат Кизатов Нурлыбек Сахипович. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органнан түскен құжаттарға сәйкес, ауылдық округінің әкіміне кандидат Кизатов Нурлыбек Сахипович Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкес келеді.