Логотип

Меню

Страницы

Статья

Газбен өте сақ болу қажет

Біздің тұрмысымызда газ құрылғысы ажырамайтын затқа айналды. Бірақ соны ебімен қолданбай, ұқыпсыздық салдарынан өртке, жарылысқа адам өліміне алып келеді. Бұл жайлы барлығы біледі, бірақ кейбір үй иелеріңіз істерінің салдары туралы ойланбай қауіпсіздік ережелерін ескермейді. Көптеген жағдайда адамдар ақша табу мақсатында бір сәтте өзін және айналасындағы қымбат жандардың өмірінен, дүние мүлкінен, үйінен айырылуы мүмкін екенін ойламайды. Бүгінгі күні заңсыз газ баллондарды сатумен айналысатын адамдарды жиі кездестіруге болады. Атап айтсақ, бұл аудан елді мекендерінің өзекті мәселесі. Сонымен қатар үлкен көлемдегі газ баллондар аулаларда, гараждар да, қораларда сақталады. Сондай-ақ газ баллонын күннің көзінен сақтап, отпен ұқыпты пайдалану қажет және темекі қалдығын сөндірмеудің кесірінен жарылыстар болып, көптеген қайғылы оқиғаларға әкеп соғуда.
Сондықтан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қажет.

-12 литрден аспайтын газ баллондарды пәтерлерде, тұрғын үйлерде сақтауға рұқсат етіледі;
-газ баллондарды сақтау қоймалары бір қабатты болуға міндетті және шатырдың асты болмауы тиіс;
-газ баллондар сақталатын бөлмелердің ерезелері ақ бояумен боялып немесе күнге қарсы жанғыш емес құралдармен жабдықталуы тиіс;
-газ баллондары күн сәулесінен және ауа райы салдарынан қорғалуы тиіс;
-газ қоймаларында құрал-жабдықтарды, материалдарды басқа да заттарды сақтауға тыйым салынады;
-баллондарды сақтау қоймасы табиғи ауа алмастырумен қамтамасыз етілуі тиіс;
-газ баллоны арнайы қаптарға салынып, көлденеңнен жатқызылып және құламауы үшін арналып істелген құрылғыларда тұруы қажет;
-қаптамалары жоқ баллондар стеллаждарда немесе көсектерде көлденеңнен сақталуы қажет;
          Өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін ұстану-бұл тұрмыста және өндірісте өрттің сирек болуына кепіл.

 

Шарбақты ауданының ТЖБ

 

 

                            

 

 

 

Дата публикации
22 июня 2023
Дата обновления
22 июня 2023
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы