Логотип

Меню

Страницы

Статья

Егер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы шоттарына аударымдар жасалмаса, олар жабылып қалады деп оқыған едім. Мен қазір қысқартуға ұшырап, жұмыссызбын. Бұл менің шотым жабылады дегенді білдіре ме? Ол жағдайдаменіңжинақтарымқайдакетеді?

Жоқ, шотыңыз жабылмайды. Себебі, біз дұрыс түсінген болсақ, сіздің жеке зейнетақы шотыңызда (ЖЗШ) еңбек етіп жүрген кезіңізде аударылған зейнетақы жинағы бар екен. 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысымен бекітілген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу қағидаларына сәйкес, салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ зейнетақы жинағы болмаған жағдайда, бір ай өткен соң жабылады. 

Әзірге сіздің ЖЗШ-ңызға жарна аударылмағанымен, онда қандай да бір сома бар, сондықтан жеке зейнетақы шотыңыз жабылмайды. Оның үстіне, оған инвестициялық кіріс есептеліп отырады. 

Естеріңізге сала кетейік,  зейнетақы жинағының талап етілмеген сомасын алушы не оның мұрагерлері талап еткенге дейін БЖЗҚ есептен шығармайды.  

Болашақта жұмысқа орналасатын болсаңыз, сіздің зейнетақы аударымдарыңыз ағымдағы жеке зейнетақы шотыңызға түсуін одан әрі жалғастырады.

Дата публикации
16 июня 2023
Дата обновления
16 июня 2023
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы