Логотип

Меню

Страницы

Статья

Нитраттармен уланудың алдын алу туралы. Ерте піскен қарбыз.

Дәстүр бойынша, қарбыз мен қауын ашық жерде өсіріліп, жаздың ыстық күн сәулесінде піседі. Бірақ осылайша алынған бақша көкөністерін тамыз айының соңында толық піскеннен кейін тұтынуға болады.

Бүгінгі таңда дүкен сөрелерінде қарбыз сияқты бақша көкөністері сатылымда бар. 

Өкінішке орай, көктемгі кезеңде жылудың басталуымен жосықсыз өндірушілер нитраттар мен нитриттермен толтырылған қарбыздарды сатуға тырысады. Олардың дәмін сезіну мүмкін емес. Асқазанға енгеннен кейін нитраттар тез гемоглобинге қауіп төндіретін нитриттерге айналады.

Химиялық заттармен толтырылған қарбыздар улануға, гастритке, бауыр ауруына, жүйке, жүрек-қан тамырлары жүйесіне, әлсіздік, бас ауруы, шаршау сияқты жалпы интоксикация белгілерімен бірге жүретін көру қабілетінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Балалар мен жүкті әйелдер, сондай-ақ созылмалы ас қорыту бұзылыстары бар адамдарға нитраттар ерекше әсер етеді.

Қарбыздағы нитраттардың рұқсат етілген мөлшері - 60 мг/кг, қауын - 90 мг/кг. Нитраттардың мөлшерін портативті құрылғы – нитрат өлшегішпен тексеруге болады. 

Егер сіз сонда да, осы жидекті дәм татуды шешсеңіз, жағымсыз жағдайды болдырмау үшін келесіні кеңес береміз:

 белгіленген орындарда: азық-түлік базарларында, дүкендерде, супермаркеттерде сатып алу;

 жолдардың жанында сатылатын бақша өнімдерін сатып алмаңыз: себебі құрамында ауыр металдар бар көптеген пайдаланылған газдар қабыққа түседі;

 кесілген жидекті сатып алмаңыз, көптеген микроорганизмдер жиналған өнімді сатып алу қаупі бар;

 азық-түлік сатушыдан тамақ өнімдерінің қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттарды, оның қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттарды талап етіңіз.

 Маусымдық өнімдерді таңдаған дұрыс екенін ұмытпаңыз! Және де

 өзіңіздің денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз! Денсаулық сақтанғанды және оған қамқорлық жасағанды жақсы көреді!

 

Дата публикации
05 июня 2023
Дата обновления
05 июня 2023
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы