Логотип

Меню

Страницы

Статья

"Жұмсақ балмұздақ" - бұл эпидемиологиялық тұрғыда қауіпті өнім.

       

"Жұмсақ балмұздақ" – жазда ең танымал өнім. Алайда, егер санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаса, ол ішек инфекциясына немесе сальмонеллезге әкелуі мүмкін қауіпті тәттіге айналады. Патогендік бактериялар ағзаға енгеннен кейін диареяны, жүрек айнуын және температураның жоғарылауын тудыруы мүмкін.

Қала көшелерінде сауда шатырларында балмұздақ сыртқы түрлері бойынша тәбетті ашатын, балғын, сонымен қатар әдемі көрінеді. Бірақ бұл қауіпсіз бе? Көбінесе, көше сауда нүктелерінің кәсіпкерлері аппараттарды өңдемейді, сатушыларда медициналық тексеруден, гигиеналық оқытудан және жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшалар болмайды; балмұздақты өткізу жуылмаған қолмен жүргізіледі, себебі қарапайым жағдайлар қамтамасыз етілмейді-су, жуғыш заттар қол астында жоқ, сатушыға дайын қоспаны әкеледі, ол оны көшедегі аппаратқа құяды және бірнеше күн сауда жасайды.

Осыған байланысты өндірушінің зауыттық қаптамасына оралған балмұздақты таңдаған дұрыс.

Жұмсақ балмұздақты оны дайындайтын орындарда жүргізілсе, ал өндіру – тікелей сатылар алдында жүргізілуі тиіс. Әр балмұздақ құю алдында құрылғы цехтың арнайы жабдықталған жуу бөлімінде өңделіп, өнімді дайындаудың белгілі бір ережелері сақталуы керек. Сондай-ақ, балмұздақты қолданар алдында қолды жуу немесе қолды дымқыл майлықтармен немесе арнайы бактерияға қарсы гельмен өңдеу ұсынылады.

Жұмсақ балмұздақ сатып алғанда сатушылардың келесі талаптарды сақтауына назар аударыңыз:

- өнімді қабылдау, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;

- сатушының балмұздақ сату талаптарын сақтауы;

- өнімді босату кезінде бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалану;

- таза арнайы киімнің болуы;

- сатушының жеке гигиена ережелерін сақтауы.

Жоғарыда келтірілген барлық ұсыныстарды орындау сізге өткір ішек инфекцияларынан және тамақтан уланудан аулақ болуға көмектеседі!

Дата публикации
05 июня 2023
Дата обновления
05 июня 2023
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы