Логотип

Меню

Страницы

Статья

Сапалы тұқым – мол өнім кепілі

Көктемгі дала жұмыстарын бастау алдында дәнді дақыл

тұқымдарын дәрілеуге айрықша көңіл аудару қажет

Ауыл шаруашылық дақылдарының көптеген аурулармен күресудің ең негізгі тәсілі – тұқымды дәрілеу (протравливание). Дәріленбеген тұқымды себу қаракүйе ауруларының (головня) көбеюіне, тамырдың шіруіне, тұқымның көгеруіне әкеліп соқтырады. Аталған аурулар 20% өнімді жыл сайын жоюда. Фитоинфекция ауруының барын анықтау мақсатында әрбір жылда өткізілетін талдау (фитоанализ) көрсеткіші ауданда сапалы дәнді дақылдар тұқымының жоқтығынан дәлелдеуде. Осындай жағдайдың туындауының себебі агротехниканың өте төмен деңгейде жүргізілуі, тұқымды сапасыз дәрілеу, тіпті дәрілеудің мұлде өткізбелуінде.

            Мұндай маңызды шараны қолданбау, тек қана дәнді дақылдар егетін шаруа қожалықтарының тікелей жауапсыздығынан екені даусыз.

Ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларын егістік жағдайда анықтауға болатын фактілер төмендегідей:

Сілбі саңырауқұлақпен зақымдалған тұқым шіріп, көктеп өсу процесін жоғалтады. Зақымданудың дамуына себеп тұқымды себу кезіндегі ауаның ылғалдығы әсер етеді. Өсіп шаққан егін көгі өте сирек болып шығады. Тамыр шірігі ауруы барын егіннің тамырларының жер астындағы буынаралығының (өсімдіктің), түптену буынының және сабағының қоңыр түсінен-ақ анықтауға болады. Тамыр шірігі егін көгінің жойылуына әкелумен қатар өсімдік өспей қалып, масағының солғын тартуына немесе барлық өскен сабақтардың құрып кетуіне әкеп соғады. Қаракүйе ауруларына шалдыққан өсімдіктердің залалданған бөліктерінің (гүл шоғыры, сабақ) бұзулуынан-ақ көрінеді, қара ұнтақталған споралар әрбір өсімдік сайын көбейеді. Залалданған масақ немесе гүл шашағы өнім бермеуі сөзсіз. Кейде қаракүйенің өзі дамып өсіп өсімдіктің ішкі клеткаларының тобына өтіп, масаққа жетпейді де, дән бұзылмайды, бірақ залалданған өсімдіктердің қуатты өсу жолын кесіп тастайды. Қаракүйе ауруының аз ғана әсерінен-ақ өсімдіктердің жасырын инфекция ауруына шалдығуына байланысты егін шығымы 12%-ға дейін күрт азаяды. Қаракүйемен зақымдалған тұқым-дән, ұн өндеуге де, малды жемдеуге де жарамайды, өйткені құрамында аса улы заттар сақталуына байланысты. Өкінішке орай, өсімдіктер аталған аурулардан өздерін қорғай ала алмайды. Тіпті залалданған өсімдіктер күтімі жақсы болса да сапасы өте төмен өнім береді. Себу  алдындағы тұқымды өндеу кезінде қолданылатын көптеген өсімдікке қуат беретін препараттар да жеңуге қауқарсыз.

Дәрі-дәрмек өсімдіктің өсу процесін жеделдетумен қатар, колеоптельдін (өскіннің өсу нүктесін қорғайтын жұқа мөлдір пленка қабағы, ол топырақты жарып алғашқы жапырақты механикалық зақымнан сақтауға арналған) ұзарып өсіп дамуына, оның қаулап көктеуіне, тұқымның шығымының жоғары көтерілуіне де әсерін тигізеді. Аса құрғақшыл жылдарда тұқымды барынша терендікке егуге де мүмкіндік береді.

Сапалы дәнді дақылдарды шығынсыз қалай өсіруге болатыны жөніндегі ескерту: дәнді дақылдарды өсіріп, қорғау мақсатында тұқымды зарарсыздандыру үшін себу алдында фунгицидтермен өндеу әдісін қолдану ең басты жұмыс деп қарау қажет. Осыған байланысты себу алдында фунгицидтермен өндеу жұмыстарын бастап, істеу керек.

Өсімдік қорғау заңнамаларына сәйкес міндетті түрде ауыл шаруашылық дақылдарды зиянды жәндіктерден қорғау жұмыстары жүргізілуі тиіс.

 

«ҚР АШМ АӨК МИК Шарбақты ААИ» ММ

Дата публикации
12 мая 2023
Дата обновления
12 мая 2023
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы