Логотип

Меню

Страницы

Статья

2021 жылы зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен тыс бір бөлігін алып алдым. Биыл тағы да алуыма бола ма?

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 – бабының 1-1-тармағының және 32-бабының 1-1-тармағының (бұдан әрі – Заң) ережелеріне сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделуге ақы төлеуі үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығымен БЖЗҚ – да міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ)есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар төменде көрсетілген тұлғалар пайдалана алады:

1) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының (бұдан әрі – ТЖШ) ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын тұлғалар. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күні Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасы мен ТЖШ арасындағы айырма сомасынан аспауға тиіс;

2) зейнетақы мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын, алушының алмастыру коэффициентін орташа айлық табысының 40 пайыздан төмен емес деңгейінде қамтамасыз ете алатын адамдар. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс;

3) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жандар. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауға тиіс.

Заңнаманың жоғарыда көрсетілген талаптарына сәйкес келген жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемдерін салымшы (алушы) қол жетімді сома шегінде бірнеше рет пайдалана алады.

Осылайша, МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе)емделуге ақы төлеу мақсатында алуға болатын қолжетімді сомасының бар-жоғын БЖЗҚ не электрондық үкіметтің сайтында немесе ұялы қосымшада24/7 тәртібінде тексеруге болады.

 

Дата публикации
06 марта 2023
Дата обновления
06 марта 2023
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы