Логотип

Меню

Страницы

Статья

Құтыру ауруының зардап – қасіретінен сақ болыңыздар !!!

Құтыру індеті - Дүние жүзінде және Қазақстанда күрделі мәселелердің бірі болып отыр, 150 –ден астам елде тіркелуде. Жыл сайын Дүние жүзінде құтырма ауруынан 55 мыңға жуық адам қайтыс болса, орташа есеппен - әр 10 минутта 1 адам құтыру індетінен қайтыс болады екен.

 

Бұл ауруды жұқтыру қаупі, әлі де азаймаған, өйткені вирустың резервуары ондаған түрлі жануарлар.     

 

Құтыру – жедел өтетін, жануарлардан жұғатын вирустық ауру. Ауырған адам ауыр ми қабынуынан қаза болады.

 

Инкубациялық мерзімі, яғни вирус ағзаға енгеннен кейін, алғашқы белгілерінің білінуі 10 күннен 90 күнге дейін, кейде 1 жылдан артық уақытқа созылады.

 

Вирустың көзі – жыртқыш аңдар: түлкі, қасқыр, қарсақ және үй хайуандары. Ауырған хайуандар инкубациялық мерзімінің соңғы 7 - 10 күнінен бастап сілекейімен вирусты көптеп шығарады. Құтырумен ауырған хайуандар тістегенде, тырнағанда немесе терінің жарақаттанған жеріне сілекейі жағылуы арқылы адамға, сол сияқты басқа хайуандарға да жұғады.

 

Көп жағдайда тұрғындар құтыру ауруының қандай қатерлі екенін білмегендіктен, немесе біле тұрып, бұл ауру менде болуы мүмкін емес деген жалған үмітпен, құтыруға қарсы профилактикалық егу курсын толық алмай, немесе екпе алуға қарсылық білдіріп жатқан жағдайлар кездесіп жатады.

 

Назар аударыңыз!!!   Қазіргі таңда құтыру ауруын емдейтін арнаулы ем жоқ. Сондықтан, ауру хайуан тістеген, тырнаған немесе сілекейлеген жағдайда, адамдарды ажалдан арашалап қалатын жалғыз жол құтыруға қарсы профилактикалық егу.

 

Егер үй жануарларынан немесе жабайы хайуандардан зардап шексеңіз міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз және дәрігер тағайындаған  профилактикалық егу курсын алған жағдайда ғана өзіңізді бұл аурудан сақтап қаласыз.

 

Құтыру ауруына қарсы профилактикалық егу шаралары жарақат пункттері мен жергілікті емханаларда ақысыз, тегін жасалатынын ескертеміз!!!

Дата публикации
01 марта 2023
Дата обновления
01 марта 2023
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы