
«Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) және «Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі – Орталық) Шарбақты ауылы, В.Е. Чайко көшесі, 39 мекенжайы бойынша орналасқан, байланыс телефоны – 8 (71836) 21354, 21721.
Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V Заңын және мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген қағидаларын басшылыққа алады.
2022 жылдың 12 айында Бөлім және Орталықпен – 2952 мемлекеттік қызмет көрсетілді,оның ішінде мемлекеттік қызметтердің 17 түрі бойынша көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 1941, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 950, «Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ арқылы – 47, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 14, оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығымен 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу;
- Жұмыссыз адамдарды тіркеу;
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру;
- Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
- Естуі бойынша мүгедектігі бар
адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар
адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
- Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
- Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
- Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
- Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру:
- Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру;
- Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беруді ұзарту;
2022 жылы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу;
- Жұмыссыз адамдарды тіркеу;
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру;
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
- Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу болып табылды.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында Бөлім ғимаратында көрнекі ақпарат (көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, ережелер, өтініштер үлгісі, шағымдарды тіркеу журналы) бар стенд орналастырылды.
Бөлім және Орталықпен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, оның ішінде электрондық қызметтерді ілгерілету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпараттандыру жұмыстары тұрғындармен тұрақты негізде жүргізілуде: түсіндірме әңгімелесу, дөңгелек үстелдер, брошюралар тарату.
2022 жыл ішінде әлеуметтік желілерде инстаграмм парақшаларында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттар жарияланды.
Бөлім және Орталық мамандарымен аудан тұрғындарына электронды цифрлық қолтаңбаны алу қажеттілігі, мемлекеттік қызметтерді кейін электронды форматта алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында «Электрондық үкімет» порталы арқылы қажетті мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін Бөлім және Орталық ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда Бөлім және Орталық мамандары азаматтардың порталды пайдалануға қатысты сұрақтарына жауап береді, электрондық мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпарат береді.
Бөлімде жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ішкі талдау жүргізіледі.
Есепті кезеңде Бөлім және Орталыққа көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.
Бөлім басшысы С.Кайсаримова