
Ауа райының салқындауына байланысты жылытқыш құралдарды пайдалану жиілей түседі. Тұрғын үйлерде өртті туғызбас үшін оны қалай пайдаланудағы қарапайым ережелерді сақтауларыңыз сұралады:
- есіңізде болсын, әр құрылғының өзіндік қызмет мерзімі бар, белгіленген мерзімнен жоғары пайдалану қайғылы салдарға әкелуі мүмкін;
- жылыту құрылғысының жай-күйін бақылаңыз: бөлшектерді уақытында жөндеңіз және егер олар істен шықса ауыстырыңыз;
- бірден бірнеше қуатты тұтынушы техникаларды қосқан жағдайда электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз;
- электр жылытқыштарын түні бойы қосулы қалдырмаңыз, оларды заттарды кептіру үшін пайдаланбаңыз;
- құрылғыны перделерден немесе жиһаздардан қауіпсіз қашықтықта орнатыңыз;
- балаларға электр жылытқыштарымен ойнауға рұқсат бермеңіз;
- лак-бояу материалдары, еріткіштер және басқа да тұтанатын сұйықтықтар бар үй-жайда жылытқышты пайдаланбаңыз.