Логотип

Меню

Страницы

Статья

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу байынша жұмыс жүргізу туралы

«ҚР АШМ АӨК МИК Шарбақты аудандық аумақтық инспекция» ММ ауыл шаруашылық Министрлігінің аумақтық бөлімшесі болып табылады, Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының қарамағындаагроөнеркәсіптік кешендегі өсімдіктерді қорғау, оқшау ұстау, астық нарығын реттеу, асыл тұқымды мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығыбөлігінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларды атқарады.

Біздің мекен жайымыз: Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Веткомплекс көшесі 8.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» бұйрығы бойынша төрт мемлекеттік қызметтерді көрсетіледі:

  1. «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру»
  2. «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу»
  3. «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру»
  4. «Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру»

 

Жылдың басынан бастап мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 963 өтініштер қарастырылып, 1373 фитосанитарлық және 222 карантиндік сертификаттар берілді.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 

2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. Осы Заңды басшылыққа ала отыра, инспекция өз қызметінде сыбайлас жемқорлық әрекеттердің  алдын алу жұмыстарын атқарады.

         Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтің жарлығымен бекітілді. Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір сарынды іс-қимылдан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген нысандарын қабылдамауына, алдын алу шараларының басымдығына көшуді көздейді.

         Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның қауіпсіздігіне жүйелі қатер төндіреді. Пара алу – ең қауіпті сыбайлас жемқорлық лауазымдық қылмыс. Ол мемлекеттік аппараттың беделіне нұқсан келтіреді, лауазымды тұлғаларға пара беру арқылы қалағанына қол жеткізу мүмкіндігі туралы идеяны тудырады.

         Аудандық аумақтық инспекция өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде заңнаманы орындау бойынша жұмысты үнемі жүргізеді –инспекция қызметкерлерімен жеке түсіндірме әңгіме, жиналыстар, құқықтық ағарту, аудан әкімінің  сайтында мақалалар үнемі орналастырылады. Сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметалушылармен танысу үшін өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерге жүгінген кезде, құқықтық жалпыға бірдей оқыту бойынша көрнекілік стендтер орналастырылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

         Қазақстанның әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білуі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікті түсінуі тиіс. Олардың сыбайлас жемқорлыққа  қарсы білімі болмағандықтан сыбайлас жемқорлық  қылмысына қатысушы болуы мүмкін.

          Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасы арттыру сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерін жою бойынша жұмыс жүргізілуде.

         Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз сенім телефонына қоңырау шалыңыз CALL – CENTER-  1424, 8(71836)21762.

 

 

 

Дата публикации
12 декабря 2022
Дата обновления
12 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Щарбақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша ақпараттық плакаттар
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы