- «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-сі 2022 жылғы «28» желтоқсанда сағат 15-00-де Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 49 мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурстың қайта өтетіні туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттар пакеттері (маршруттар) қойылады: № 1 Лот Шалдай-Шарбақты-Шалдай;
№ 2 Лот Шарбақты-Сахновка-Шарбақты;
№ 3 Лот Шарбақты-Хмельницкий-Маралды-Көл-Бұлақ-Жылы-Бұлақ-Шарбақты.
- Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 49, 2 каб. мекенжайы бойынша «Шарбақты ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» КММ-не немесе мына orse.ashr@pavlodar.gov.kz. эл. поштаға конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінім ұсынады.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2022 жылғы «15» желтоқсанда сағат 18-30 - ға дейін.
- 2022 жылғы «05» желтоқсанда сағат 11-00-де конкурстық комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.
- Анықтама алу үшін мына телефондарға: 2-32-60, 2-16-64 хабарласуға болады.