
реттеу халықтың эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары медициналық қалдықтарды қауіпті деп санады және оларды жоюдың арнайы қызметтері мен әдістерін құру қажеттілігі туралы мәлімдеді.
Медициналық қалдықтар дегеніміз не? Бұл медициналық ұйымдарда медициналық қызметті жүзеге асыру (емдеу рәсімдерін орындау) кезінде пайда болатын қалдықтар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен бекітілген "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талабы бойынша медициналық мекеменің басшылығы бұйрықпен осы Санитариялық қағидалар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жауапты адамды тағайындайды. Жауапты адам қалдықтарды есепке алуды, қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі тиісті есепке алу құжаттамасын жүргізуге, медициналық қызметкерлерді медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу мәселелері бойынша нұсқама өткізуге және оқытуға тиіс. Сондай-ақ, медициналық қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі санитариялық қағидалардың талаптарын тиісінше орындамау ауруханаішілік инфекцияның туындауына және халық арасында инфекциялық аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін екенін атап өту қажет.
Медициналық қалдықтар қалай жойылады? Б және В сыныптарының медициналық қалдықтары арнайы қондырғыларда (инсинераторлар) залалсыздандырылады. Бұл ретте медициналық мекемелер мен елді мекендердің аумағында медициналық қалдықтарды жағуға жол берілмейтінін атап өткен жөн. Г класындағы медициналық қалдықтарды көму қауіпті қалдықтарға арналған полигондарда, ал олар залалсыздандырылған жағдайда қатты-тұрмыстық қалдықтар полигондарында жүзеге асырылады. "Д" класындағы медициналық қалдықтар нормалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Медициналық қалдықтарды жинау, жою жұмыстарымен айналысатын қызметкерлер медициналық тексеруден өтуі керек екенін білу керек. Сондай-ақ ірі медициналық мекемелерде медициналық қалдықтарын сақтау үшін сору желдеткішімен, тоңазытқыш жабдығымен, стеллаждармен, таразылармен, контейнерлермен, ыстық және суық су келтірілген раковинамен жабдықталған жеке үй-жай бөлінеді. Медициналық қалдықтарды жинау, қабылдау және тасымалдау бір рет қолданылатын пакеттерде, сыйымдылықтарда, қауіпсіз кәдеге жарату қораптарында, контейнерлерде жүзеге асырылады. Жинақталуына қарай мамандандырылған ұйымдар шығарады және кәдеге жаратады. Жамбыл облысында қазіргі таңда бірнеше ұйым айналысады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі "Салауатты қоршаған орта - Ұлт денсаулығы" жобасын құрды, онда қалдықтардың мемлекеттік кадастрында медициналық қалдықтар бойынша денсаулық сақтау саласындағы Есептіліктің мониторингін жүргізу мәселелері енгізілді.